Об утверждении Правил предоставления льгот по санаторно-курортному лечению и проезду в санаторно-курортные учреждения Республики Казахстан или стран СНГ для спинальных больных Жамбылской области.
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления льгот по санаторно-курортному лечению и проезду в санаторно-курортные учреждения Республики Казахстан или стран СНГ для спинальных больных Жамбылской области.
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде емделуi және жол ақысына жеңiлдiк берудiң Ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 12.06.2003
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2011 16229_192097.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03G0001013
- ЭКБ идентификаторы
- 16229
- Редакция идентификаторы
- 16229_192097
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:15
0 Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде емделуi және жол ақысына жеңiлдiк берудiң Ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңының 44 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" N 1758 қаулысына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-шi бабы негізінде, облыс бюджетiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың емделуi және жол ақысына жеңiлдiктер беру туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2 2. Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Д.Қарабалаев) жоғарыда аталған жолдамалардың бөлiнуi мен берiлуiн бақылауға алсын.
3 3. Жамбыл облысы әкімиятының қаржы департаменті
(Б.З.Иманәлиев) осы мақсатқа қарастырылған бюджеттiк қаржы шегiнде қаржыландыру жүргiзсiн.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсiн.
5 Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде емделуi үшiн және жол ақысына жеңiлдiктер берудiң Ережесi
Жамбыл облысы әкiмиятының
2003 жылғы 13 маусымдағы
"Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны
ауыратын науқастардың Қазақстан
Республикасының немесе ТМД
елдерінің шипажайлық-курорттық
мекемелерінде емделуi және жол
ақысына жеңiлдiк берудiң
Ережесiн бекiту туралы"
N 76 қаулысымен бекiтiлген
Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде емделуi үшiн және жол ақысына жеңiлдiктер берудiң
Ережесi
Осы Ереже Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға облыстық бюджет қаржысы есебiнен "Мүгедектерді жергілікті деңгейде әлеуметтік қолдау" атты бюджеттiк бағдарламасы бойынша санаторлық-курорттық емделу мен жол ақысын төлеуге жеңiлдiк берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
📌 Ескерту. Өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы № 167; 2005 жылғы 31 наурыздағы № 93 қаулыларымен.
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Облыстағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде (ары қарай шипажайлар) емделу үшiн барып-қайту жол ақысы оларды әлеуметтiк қолдау, сауықтыру мен бейiмдеуге бағытталған тегiн санаторлық-курорттық емделудi қамтамасыз ету түрiнде (жылына 1 рет 30 күнтізбелік мерзімге) берiледi.