Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 791 · қабылданған 21.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-162329/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 791 ·21.12.2021
21.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 791 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
791
Қабылданған күні
21.12.2021
Көрсетілген редакция
21.12.2021 162329_554283.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100026127
ЭКБ идентификаторы
162329
Редакция идентификаторы
162329_554283
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:57

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің

кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Карантин бөлімшесінде болған уақытта сотталғандарға ҚАК және осы Қағидаларға сәйкес белгіленген жаза өтеу тәртібі туралы және шарттары, өздерінің құқықтары және міндеттері туралы жазбаша түрде қол қойғыза отырып, ақпарат ұсынады, жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертіледі. Оларға мекемеде қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің техникалық құралдарын, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдарды және қаруды қолдану, ал сотталғандардың топтық бағынбаушылығы және жаппай тәртіпсіздігі жағдайында мекемеде ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы түсіндіріледі.
Сотталғандардың жазаны өтеу тәртібін бұзуының алдын алу және жолын кесу, мекеме әкімшілігі тарапынан азаптауларға және өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу мақсатында бейнекамералар дәретханаларды, қол жуатын және себезгі бөлмелерін, моншаларды және ұзақ мерзімді кездесу бөлмелерінің жатын үй-жайларын қоспағанда, комиссия айқындайтын орындарда орнатылады. Бұл ретте сотталғандарды сыртқы дене тексеруі жүзеге асырылатын үй-жайлар шымылдықтармен жабдықталады.
Әйелдерді ұстауға арналған мекемелер мен үй-жайларда бейнебақылау операторлары әйел жынысты қызметкерлерден тағайындалады.
Бейне мұрағатты сақтау мерзімі кемінде 60 тәулікті құрайды.
Бейнежазбалардың көшірмелерін беру қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының, қылмыстық қудалау органдарының, соттың, прокуратураның, сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодексте көзделген тәртіпте адвокаттардың және жәбірленушілер өкілдерінің ресми сұрауы бойынша жүргізіледі.»;

2 2) «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15564 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының iшкi тәртiптеме қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тергеу изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушы адамдардың тәртібін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сақтайды.
Күдіктілер мен айыпталушылардың мінез-құлық қағидаларын бұзуының, сотталғандардың жазаны өтеу тәртібін бұзуының алдын алу және жолын кесу, азаптауларға және өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу мақсатында бейнекамералар дәретханаларды, қол жуатын және себезгі бөлмелерін, моншаларды және ұзақ мерзімді кездесу бөлмелерінің жатын үй-жайларын қоспағанда, комиссия айқындайтын орындарда орнатылады. Бұл ретте күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды сыртқы дене тексеруі жүзеге асырылатын үй-жайлар шымылдықтармен жабдықталады.
Әйелдерді ұстауға арналған үй-жайларда бейнебақылау операторлары әйел жынысты қызметкерлерден тағайындалады.
Бейне мұрағатты сақтау мерзімі кемінде 60 тәулікті құрайды.
Бейнежазбалардың көшірмелерін беру қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының, қылмыстық қудалау органдарының, соттың, прокуратураның, сондай-ақ Қылмыстық-процестік кодексте көзделген тәртіпте адвокаттардың және жәбірленушілерінің өкілдерінің ресми сұрауы бойынша жүргізіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы

Қолданыстағы