Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 1061 · қабылданған 02.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-162395/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 1061 ·02.06.2021
02.06.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 1061 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1061
Қабылданған күні
02.06.2021
Көрсетілген редакция
02.06.2021 162395_553553.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21NA01061A
ЭКБ идентификаторы
162395
Редакция идентификаторы
162395_553553
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:58

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Әкімдіктің қаулысына

қосымша

1 1. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Садовая көшесі, 100 А, 100 Г, 100 Д, 100 Е, 100 И, 100 К мекенжайларында орналасқан, жалпы алаңы 0,1036 гектар;

2 2. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, С.Баймағамбетов көшесі, 3 Б үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0143 гектар;

3 3. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Қозыбаев көшесі, 153 үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0817 гектар;

4 4. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, 6-шағын аудан, 2-үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0281 гектар;

5 5. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Жаңа қала тұрғын үй кешені, Наримановская көшесі, 64 үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0114 гектар;

6 6. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Жаңа қала тұрғын үй кешені, Л. Беда көшесі, 42, 40, 38, 36, Наримановская көшесі, 74 мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0959 гектар;

7 7. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Жаңа қала тұрғын үй кешені, Н.С.Фролова көшесі, 67, 65 мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0657 гектар;

8 8. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, Қозыбаев көшесі, 39 үйдің бойында орналасқан, жалпы алаңы 0,0362 гектар;

9 9. Сыртқы жылумен жабдықтау желілері, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 59 үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0559 гектар;

10 10. Сыртқы жылумен жабдықтау желілері, Қостанай қаласы, Сибирская көшесі, 57 үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0610 гектар;

11 11. Жеткізуші (үйішілік) жылу желісі, Қостанай қаласы, 5-шағын аудан, 18-үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 0,0032 гектар.

Қолданыстағы