Об организации питания категориям воспитанников дошкольных организаций Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации питания категориям воспитанников дошкольных организаций Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 422
- Қабылданған күні
- 27.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2023 162498_656299.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21C000422A
- ЭКБ идентификаторы
- 162498
- Редакция идентификаторы
- 162498_656299
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:38
0 Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген
санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 19)-тармақшасына, 8-бабының 4-1-тармағына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының мектепке дейінгі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыру құнының 70% мөлшерінде азық-түлік шығындарын ішінара өтеумен жеңілдетілген тамақтандыруды облыстық бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылсын.
2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;