Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 938 · қабылданған 21.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-162542/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 938 ·21.05.2021
21.05.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 938 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
938
Қабылданған күні
21.05.2021
Көрсетілген редакция
21.05.2021 162542_553464.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21NA00938A
ЭКБ идентификаторы
162542
Редакция идентификаторы
162542_553464
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:04

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Әкімдіктің қаулысына

қосымша

1 1. 1 – трансформаторлық қосалқы станциядан 10 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай қаласы мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,0027 гектар, оның ішінде Адильбек Жанабаевтың жер учаскесінде – 0,0013 гектар;

2 2. 1 – трансформаторлық қосалқы станциядан 10 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай қаласы мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,0017 гектар, оның ішінде «Исткомтранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0017 гектар;

3

3. 46 – трансформаторлық қосалқы станциядан 10 киловольт – әуе желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін, Қостанай қаласы мекенжайы бойынша жалпы алаңы 0,0099 гектар, оның ішінде «Исткомтранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскелерінде – 0,0030 гектар және 0,0033 гектар, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жер учаскесінде – 0,0012 гектар;

4 4. 18 – трансформаторлық қосалқы станциядан 0,4 киловольт – әуе желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін, Қостанай қаласы мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,0020 гектар, оның ішінде «Әскерилендірілген темір жол күзеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0012 гектар;

5 5. 1 – орталық тарату қосалқы станциясынан 0,4 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай қаласы мекенжайы бойынша жалпы алаңы 0,0094 гектар, оның ішінде «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының жер учаскесінде – 0,0003 гектар;

6 6. 18 –жиынтық трансформаторлық қосалқы станциядан 0,4 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай қаласы мекенжайы бойынша, жалпы алаңы 0,0018 гектар, оның ішінде «Логамин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0003 гектар;

7

7. 5 – трансформаторлық қосалқы станциядан 0,4 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай қаласы мекенжайы бойынша жалпы алаңы 0,0260 гектар, оның ішінде «Қостанай темір жол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0176 гектар, В. В. Рябухиннің жер учаскесінде – 0,0015 гектар, «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жер учаскесінде – 0,0014 гектар;

8

8. 2 – трансформаторлық қосалқы станциядан 0,4 киловольт – кабель желісіне қызмет көрсету және пайдалану үшін, Қостанай қаласы мекенжайы бойынша жалпы алаңы 0,0061 гектар, оның ішінде «Кедентранссервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0003 гектар, «Vivat avto» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесінде – 0,0019 гектар, № 158/6 тұрғын үйдің меншік иелерінің (Д.Г. Жугунов, А.М. Дамегулова, О.Е. Савоськина) жер учаскесінде – 0,0016 гектар.

Қолданыстағы