Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 148 · қабылданған 29.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-162587/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Қолданыста Қаулы ·№ 148 ·29.11.2021
29.11.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қолданыста Қаулы ·№ 148 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
148
Қабылданған күні
29.11.2021
Көрсетілген редакция
29.11.2021 162587_553520.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21ZJ00148A
ЭКБ идентификаторы
162587
Редакция идентификаторы
162587_553520
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:31

0 Мүгедектер үшін жұмыс

орындарына квота белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Сырым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Сырым ауданы бойынша мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынаквота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін:

2 2. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Саркуловқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 2022 жылға арналған Сырым ауданы бойынша мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

Сырым ауданы әкімдігінің
2022 жылғы _____________
№___ қаулысына қосымша
2022 жылға арналған Сырым ауданы бойынша мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
2022 жылға арналған квота
1.
«Сырым аудандық білім бөлімінің жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
136
3%
4
1
2.
«Сырым ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» «Демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
165
3%
5
1
3.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Сырым аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
395
4%
16
1
Барлығы
696
3%
25
3

Қолданыстағы