Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Уланском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Уланском районе
- Атауы (қаз.)
- Ұлан ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 98
- Қабылданған күні
- 27.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2023 162605_641886.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VQ026153
- ЭКБ идентификаторы
- 162605
- Редакция идентификаторы
- 162605_641886
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:37
0 Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабы 4) тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Ұлан аудандық мәслихатының шешімдерінің күші осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері
Ұлан аудандық мәслихатының
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 98 шешіміне
1 қосымша
Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері
1
1. Осы Ұлан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі –шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуды (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Ұлан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
3
3. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4 4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
5
5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6 6. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес беріледі.
7 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға оқу жылы ішінде айына төрт айлық есептік көрсеткішке тең.
8 8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.
13 Ұлан аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 98 шешіміне
2 қосымша
Ұлан аудандық мәслихатының күші жойылды
деп танылған шешімдерінің
тізбесі
1 1) «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» Ұлан ауданы мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 86 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4971 болып тіркелген) шешімі;
2
2) «Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 86 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ұлан ауданы мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 345 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6838 болып тіркелген) шешімі;
3
3) «Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 86 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ұлан ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8586 болып тіркелген) шешімі.