О некоторых вопросах реорганизации подведомственных организаций Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах реорганизации подведомственных организаций Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 971
- Қабылданған күні
- 30.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2022 162695_632132.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000971
- ЭКБ идентификаторы
- 162695
- Редакция идентификаторы
- 162695_632132
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:06
0 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қазгеология) акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
3 3. Қоғам қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық және ғылыми негіздерін дамытуды айқындау.
4 4. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы:
Қазақстан Республикасының геология саласындағы ғылыми мекемелерімен бірлесіп, геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, қорыту, жүйелеу және талдау;
мыналар:
геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізу;
Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкін пайдалану арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету болып айқындалсын.
5 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетімен бірлесіп:
1 1) қоғам жарғысының бекітілуін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) мемлекеттік қоғам акцияларының пакетін иелену және пайдалану құқығының Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетіне берілуін;
2-1 2-1) Қазгеология акцияларының мемлекеттік пакетінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілуін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
5-1
5-1. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 4-тармағында айқындалған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті мүлікті «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамына беруді қамтамасыз етсін.
6 6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тiзбесiнде:
«Нұр-Сұлтан қ.» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-159-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-159. «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 21-188-жол алып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне:» деген бөлімде;
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетіне:» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 402-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«402. «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы»;
реттік нөмірі 403-жол алып тасталсын.
3 3. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
«Ұлттық компаниялар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 36-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 46-жолмен толықтырылсын:
«46. «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы».
4 4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімдегі 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы.»;
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген бөлімдегі 1-тармақ алып тасталсын.
_________________________