Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о порядке приемки в эксплуатацию законченных строительством индивидуальных жилых домов с надворными постройками в Республике Казахстан

Қаулы · № 1018 · қабылданған 24.07.1995
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1627/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Положения о порядке приемки в эксплуатацию законченных строительством индивидуальных жилых домов с надворными постройками в Республике Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1018 ·24.07.1995
31.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о порядке приемки в эксплуатацию законченных строительством индивидуальных жилых домов с надворными постройками в Республике Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1018 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о порядке приемки в эксплуатацию законченных строительством индивидуальных жилых домов с надворными постройками в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1018
Қабылданған күні
24.07.1995
Көрсетілген редакция
31.01.2012 AI1627_4.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P950001018_
ЭКБ идентификаторы
1627
Редакция идентификаторы
AI1627_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:32

0 Қазақстан Республикасында Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.11.2011 № 1278 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:

1 1. Қазақстан Республикасында құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қор-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

2 2. "Қазақ ССР-iнде құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердiқора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға мемлекеттiк қабылдау комиссияларының қабылдау Ережелерiн бекiту туралы" (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., N 18, 75-бап) Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1982 жылғы 20 тамыздағы қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

3 Қазақстан Республикасында құрылысын аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 25 шiлдедегi
N 1018 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасында құрылысын аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен пайдалануға қабылдау тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

1

1. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлердi қора-қопсы құрылыстарымен немесе оларсыз да (бұдан әрi жеке тұрғын үйлер) пайдалануға қабылдауды құрылысты iске асыру тәсiлдерiн байланыссыз барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалып және бөлiнген жер учаскесi жөнделiп жабдықталған соң, жергiлiктi атқару органдары тағайындаған қабылдау комиссиялары тапсырыс берушiнiң (салушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi .
Қабылдау комиссияларының құрамына төраға - жергiлiктi әкiмнiң орынбасары, комиссия мүшелерi - саулет және қала құрылысы, мемлекеттiк санитарлық және өрт қадағалау органдарының, жобаны жасаған заңды немесе жеке тұлғаның, мердiгер салушының (егер объект мердiгерлiк әдiспен салынған болса) және тапсырыс берушiнiң (салушының) өкiлдерi кiредi. Инженерлiк қамтамасыз ету деңгейiне қарай комиссияның құрамына жергiлiктi тиiстi инженерлiк қызметтердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.

2 2. Қабылдау комиссиясы өтiнiш түскен күннен бастап бiр апта мерзiмде тағайындалады немесе қала, немесе ауданның аумағында күнтiзбелiк жыл бойы тұрақты жұмыс iстейтiн болуы мұмкiн (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейiн).

3 3. Тапсырыс берушi (салушы) қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

бас жоспарымен немесе салыну сызбасымен қоса жеке тұрғын үй салынатын жер учаскесiнiң бөлiнуi туралы;
белгiленген тәртiп бойынша әзiрленген және келiсiлген жобалық құжаттаманы;
жұмыстар жүргiзуге мемлекеттiк сәулет-құрылыстық бақылау органдарының рұқсаты;
тиiстi инженерлiк коммуникацияларға қосу актiсi және олардың орындалатын сызбалары;
белгiленген құрылыс нормалары мен ережелерiне (құрылысты мердiгерлiк әдiспен салғанда) сәйкес орындалатын техникалық құжаттама.

4 4. Қабылдау комиссиясы тағайындалғаннан кейiн екi апта мерзiмде жеке тұрғын үйдiң қалыпты пайдалануға дайындығын, сапасы мен орындалған жұмыстардың жобалық құжаттамаға сәйкестiлiгiн тексеруге мiндеттi.

5

5. Жеке тұрғын үйдi пайдалануға қабылдау актiмен ресiмделедi, оны комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қойғанда ғана қабылдау комиссиясының төрағасы бекiтедi және комиссия тағайындаған органның мөрiмен куәландырады. Жеке тұрғын үйдi қабылдау актiсi төрт дана етiп жасалып, жергiлiктi атқару органына, техникалық инвентаризациялау және статистика органдарына, сондай-ақ тапсырыс берушiге (салушыға) берiледi.
Актiде мынадай негiзгi мәлiметтер мiндеттi түрде көрсетiледi:
оған сәйкес қабылдау комиссиясы тағайындаған құжаттың атауы, күнi және номерi;
тегi аты-жөнi, атқаратын лауазымы көрсетiлген қабылдау комиссиясы мүшелерiнiң тiзiмi және өкiлдiк етушi ұйымының атауы;
құрылысқа бөлiнген жер учаскесi, жобалау және мердiгерлiк ұйымдар жұмыстарды жүргiзуге рұқсат берген құжат туралы деректер;
оның конструкциялық, сондай-ақ қора-қопсы құрылыстары мен инженерлiк коммуникацияларын қоса пайдалануға берiлген тұрғын үйдi қабылдауда қойылған талаптарға нақты және жобалық көрсеткiштердiң сәйкестiгi;
оның барлық мүшелерiнiң қолы қойылған қабылдау комиссиясының шешiмi.
Актiнiң нысанын Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi белгiлейдi.

6 6. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарының және республикаға тарихи отаны ретiнде қайтып оралғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ тұрақты тұрғындардың жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерiн пайдалануға қабылдау осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Жеке тұрғын үйдi қайта салуға, қайта жоспарлауға және жабдықтауға байланысты қайта құру жұмыстарынан кейiн қабылдау, жергiлiктi атқару органдары белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi.

8 8. Қабылдау комиссиясының мүшелерi, құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келмейтiн жеке тұрғын үйлердi пайдалануға қабылданғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

9 9. Қабылдау комиссиясының актiсi тапсырыс берушiге (салушыға) жеке тұрғын үйге меншiк құқығы туралы куәлiк беруге негiз болады.

Қолданыстағы