Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам ответственного обращения с животными

Заң · № 99-VII · қабылданған 30.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-162781/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам ответственного обращения с животными Қолданыста Заң ·№ 99-VII ·30.12.2021
30.12.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам ответственного обращения с животными

Қолданыста Заң ·№ 99-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам ответственного обращения с животными
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
99-VII
Қабылданған күні
30.12.2021
Көрсетілген редакция
30.12.2021 162781_562243.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2100000099
ЭКБ идентификаторы
162781
Редакция идентификаторы
162781_562243
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:00

0 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) мынадай мазмұндағы 407-1 және 407-2-баптармен толықтырылсын:

«407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау
1. Жануарларға қатыгездікпен қарау, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

407-2 407-2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен

қарау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасында белгіленген:
1) жануарларды аулауға, уақытша ұстауға және жансыздандыруға;
2) үй жануарларын есепке алуға;
3) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды зоологиялық питомниктерде, жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында ұстауға;
4) үй жануарларын ұстауға және серуендетуге;
5) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының бесінші абзацында, 571-бабының 2-1 және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды тасымалдауға қойылатын талаптарды бұзу –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

2 2) 408-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«408-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

3 3) 685-бапта:

бірінші бөліктегі «408» деген цифрлар «407-1, 407-2, 408» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
3) тармақша «197,» деген цифрлардан кейін «407-1, 407-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) тармақша «386,» деген цифрлардан кейін «407-1, 407-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;

4 4) 709-бапта:

бірінші бөлік «396 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «407-1, 407-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
1) тармақша «396 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «407-1, 407-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2), 3), 4) тармақшалардағы «388-баптарында» деген сөздер «388, 407-1, 407-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

5 5) 729-бапта:

бірінші бөлік «405,» деген цифрлардан кейін «407-1, 407-2, 408,» деген цифрлармен толықтырылсын;
үшінші бөлік «386,» деген цифрлардан кейін «407-1, 407-2,» деген цифрлармен толықтырылсын.

2 2-бап.

1 1. Осы Заң, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) тармақшасының оныншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2 2. Осы Заңның 1-бабы 1) тармақшасы он бірінші абзацының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«3) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды зоологиялық питомниктерде, жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, жылжымалы хайуанаттар бақтарында, контактілі зоопарктерде ұстауға;».

Қолданыстағы