Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Сарыкольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Сарыкольского района
- Атауы (қаз.)
- Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 278
- Қабылданған күні
- 24.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2025 162848_759346.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NQ026296
- ЭКБ идентификаторы
- 162848
- Редакция идентификаторы
- 162848_759346
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:49
0 Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Сарыкөл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 278 қаулысына
қосымша
Сарыкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Орналасу орны
Алып жатқан алаңы
(шаршы метр)
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі
(жыл)
Қызмет саласы
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
Сарыкөл кенті, Мендеке Батыр көшесі, № 31 үйдің сол жағында
50
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
«Престиж» дүкені
2
Маяк ауылы, 1 май көшесі, «Сарыкөл ауданы Маяк ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің оң жағында
350
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
«Аружан» дүкені
3
Златоуст ауылы, Целинная көшесі, «Олжа Арыстан ӨК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сол жағында
350
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
«Кузьминых» жеке кәсіпкердің дүкені
4
Комсомол ауылдық округі, Комсомол ауылы, Мир көшесі, № 21 үйдің сол жағында
50
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
«Бродюк» жеке кәсіпкердің дүкені
5
Веселоподол ауылдық округі, Веселый Подол ауылы, Ленин көшесі, № 7 үйдің оң жағында
300
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
6
Большие Дубравы ауылы, Целинная көшесі, № 1 үйдің сол жағында
50
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
«Махина» жеке кәсіпкердің дүкені
7
Тимирязев ауылы, Мир көшесі, «Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сол жағында
50
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
«Тамаша» дүкені
8
Тағыл ауылдық округі, Тағыл ауылы, 50 лет СССР көшесі, «Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сол жағында
100
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
Ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
9
Сорочин ауылдық округі, Сорочинка ауылы, Центральная көшесі, № 1 үйдің оң жағында
200
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
«Попов» жеке кәсіпкердің дүкені
10
Сорочин ауылдық округі, Крыловка ауылы, Центральная көшесі, № 52А үйдің оң жағында
200
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
«Алишер» дүкені
11
Севастополь ауылдық округі, Севастополь ауылы, Ленин көшесі, № 30 үйдің оң жағында
50
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
«Исакова» жеке кәсіпкердің дүкені
12
Урожайное ауылы, Херсонская көшесі, № 11 үйдің оң жағында
50
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
«Фариза» дүкені
13
Барвинов ауылы, Комсомольская көшесі, «Аманжол АкРо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оң жағында
50
5 жыл
Азық-түлік/азық түлік емес тауарлар
«Аманжол АкРо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дүкені