Құжат мәтініне өту

Об утверждении описания и правил применения опознавательного флага и опознавательного знака таможенных органов Республики Казахстан

Қаулы · № 723 · қабылданған 21.07.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16288/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении описания и правил применения опознавательного флага и опознавательного знака таможенных органов Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 723 ·21.07.2003
22.10.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении описания и правил применения опознавательного флага и опознавательного знака таможенных органов Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 723 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении описания и правил применения опознавательного флага и опознавательного знака таможенных органов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасын және оларды қолдану ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
723
Қабылданған күні
21.07.2003
Көрсетілген редакция
22.10.2010 AI16288_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030000723_
ЭКБ идентификаторы
16288
Редакция идентификаторы
AI16288_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:07

0 Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасын және оларды қолдану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнiң 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасы және оларды қолдану ережесi бекiтiлсiн.

2

2. "Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi мен айырым жалауының сипаттамасын және оны қолданудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 маусымдағы N 932 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 24, 220-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

0 Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасы және оларды қолдану ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 22 шілдедегi
N 723 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасы және оларды қолдану ережесi

1

1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы - жоғары бөлiгi көгiлдiр түстi, ал төменгi бөлiгi жасыл түстi кездеме. Көгiлдiр түс Қазақстан Республикасының ұлттық жалауын, жасыл түс мемлекеттiк шекаралардың жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық белгiсiн бiлдiредi. Көгiлдiр және жасыл түстердiң арақатынасы 50:50 теңдiгiн құрайды. Тең ортасында бiздiң планетаны бiлдiретiн 8 қырлы алтын жұлдызы бар ақ шеңбер, және онда - алтындалған жiңiшке жиектi алтын шаңырақ орналасқан. Жұлдыздың iшiнде алтын реңде жоғары жақта ақ әрiптермен "Кеден" деп және төменгi жағында "Customs" деп жазылған. Жалау енiнiң оның ұзындығына қатынасы - 1-қосымшаға сәйкес 1:1,5.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы және оның бейнесi мөлшерлерiне қарамастан, 1-қосымшаға сәйкес оның түрлi-түстi және схемалық бейнелерiне дәлме-дәл сәйкес келуi тиiс.
Айырым жалауы кеден органдарының иелiгiндегi өзен, теңiз кемелерiнде және кеден органдарының мекемелерiнде қолданылады.

2 2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгiсi (эмблемасы) iшiнде көгiлдiр реңдегi алтын шаңырақ бейнеленген 8 қырлы алтын жұлдыз. 2-қосымшаға сәйкес шаңырақтың үстiнде алтын реңдегi жұлдыздың iшiнде ақ әрiптермен "Кеден" деп және шаңырақтың астында "Customs" деп жазылған.

Айырым белгiсi (эмблема) Қазақстан Республикасы кеден органдарының иелiгiндегi көлiк құралдарының барлық түрлерiнде қолданылады және екi жағынан симметриялы орналастырылады.
Айырым белгiсiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы айқындайды.

1 Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы

Қазақстан Республикасы кеден
органдарының айырым жалауы мен
айырым белгiсiнiң сипаттамасы
және оларды қолдану ережесiне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы
қағаз мәтіннен қараңыз

2 Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгісі

Қазақстан Республикасы кеден
органдарының айырым жалауы мен
айырым белгiсiнiң сипаттамасы
және оларды қолдану ережесiне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым белгісі
қағаз мәтіннен қараңыз

Қолданыстағы