Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Шетскому району

Өзге акт · № 9/106 · қабылданған 27.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-162890/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Шетскому району Қолданыста Өзге акт ·№ 9/106 ·27.12.2021
22.12.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Шетскому району

Қолданыста Өзге акт ·№ 9/106 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Шетскому району
Атауы (қаз.)
Шет ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9/106
Қабылданған күні
27.12.2021
Көрсетілген редакция
22.12.2022 162890_609507.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21KQ026335
ЭКБ идентификаторы
162890
Редакция идентификаторы
162890_609507
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:31

0 Шет ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тұрғын үй сертификатының мөлшері

Шет аудандық мәслихатының
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 9/106
шешімге 1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері

1 1. Әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

2 2. Әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде.

1 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Шет аудандық мәслихатының
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№9/106 шешімге
2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

1-1 1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

1-2 1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

2 2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

3 3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4 4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

5 5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

6 6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

7 7) қандастар;

8 8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

9 9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

10 10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11 11) толық емес отбасылар.

Қолданыстағы