Құжат мәтініне өту

О введении временного государственного ценового регулирования на реализацию сжиженного нефтяного газа

Бұйрық · № 1 · қабылданған 05.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-162892/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О введении временного государственного ценового регулирования на реализацию сжиженного нефтяного газа Қолданыста Бұйрық ·№ 1 ·05.01.2022
05.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении временного государственного ценового регулирования на реализацию сжиженного нефтяного газа

Қолданыста Бұйрық ·№ 1 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении временного государственного ценового регулирования на реализацию сжиженного нефтяного газа
Атауы (қаз.)
Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
05.01.2022
Көрсетілген редакция
05.01.2022 162892_554229.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026362
ЭКБ идентификаторы
162892
Редакция идентификаторы
162892_554229
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:49

0 Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 116-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына және 119-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 262 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13792 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларының 2, 10 және 12-тармақтарына сәйкес БҰЙРАМЫН:

1 1. Мыналарға:

1 1) Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге;

2 2) осы сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы көтерме саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін.

2 2. Мыналарға:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы көтерме саудада өткізуге уақытша шекті баға белгіленсін.

3

3. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада немесе көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырған жағдайда, нұсқамалар шығарсын және олар орындалмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартсын.

4 4. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және күнтізбелік жүз сексен күн бойы әрекет етеді.

1 Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар

2022 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1
Бұй­рық­қа 1-қо­сым­ша
Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар

Атауы
Тауар нарығының географиялық шекаралары
Шалғайдағы аудандарды қоспағанда, қосылған құн салығынан алынатын шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге
Облыс орталығынан шалғайдағы аудандар үшін (200 (екі жүз) шақырымнан астам) қосылған құн салығы бар шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге
1.
Сұйытылған мұнай газы
Нұр-Сұлтан қ.
70
-
2.
Алматы қ.
65
-
3.
Ақтөбе
50
55
4.
Атырау облысы
50
55
5.
Ақмола облысы
70
75
6.
Алматы облысы
70
75
7.
Шығыс Қазақстан облысы
60
65
8.
Жамбыл облысы
60
65
9.
Батыс Қазақстан облысы
60
65
10.
Қостанай облысы
70
75
11.
Қызылорда облысы
60
65
12.
Қарағанды облысы
70
75
13.
Маңғыстау облысы
50
55
14.
Павлодар облысы
70
75
15.
Солтүстік Қазақстан облысы
70
75
16.
Түркістан облысы
60
65
17.
Шымкент қ.
60
-

2 Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы көтерме саудада өткізуге уақытша шекті бағалар

2022 жылғы 5 қаңтардағы
№ 1
Бұйрыққа 2-қосымша
Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы көтерме саудада өткізуге уақытша шекті бағалар

Атауы
Жеткізу аймағы
Электрондық сауда алаңдары арқылы қосылған құн салығы бар есептік көтерме баға, тонна үшін теңге
1.
Сұйытылған мұнай газы
Ақтөбе облысы
45455
2.
Маңғыстау облысы
45455
3.
Шығыс макроөңірі
52728
4.
Батыс макроөңірі
45455
5.
Солтүстік макроөңірі
54909
6.
Оңтүстік макроөңірі
58182

Қолданыстағы