Құжат мәтініне өту

Об утверждении размера предельно допустимой розничной цены на социально значимый продовольственный товар

Қаулы · № 617 · қабылданған 31.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-162943/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении размера предельно допустимой розничной цены на социально значимый продовольственный товар Қолданыста Қаулы ·№ 617 ·31.12.2021
31.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении размера предельно допустимой розничной цены на социально значимый продовольственный товар

Қолданыста Қаулы ·№ 617 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении размера предельно допустимой розничной цены на социально значимый продовольственный товар
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бөлшек сауда бағасының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
617
Қабылданған күні
31.12.2021
Көрсетілген редакция
31.12.2021 162943_555042.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21N0026373
ЭКБ идентификаторы
162943
Редакция идентификаторы
162943_555042
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:52

0 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бөлшек сауда бағасының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бөлшек сауда бағасының шекті рұқсат етілген мөлшері күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге, оны кем дегенде күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен – тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) – килограмм үшін 890 теңге болып бекітілсін.

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы