Құжат мәтініне өту

О введении чрезвычайного положения в Восточно-Казахстанской области

Жарлық · № 739 · қабылданған 05.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-163003/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О введении чрезвычайного положения в Восточно-Казахстанской области Қолданыста Жарлық ·№ 739 ·05.01.2022
14.01.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении чрезвычайного положения в Восточно-Казахстанской области

Қолданыста Жарлық ·№ 739 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении чрезвычайного положения в Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
739
Қабылданған күні
05.01.2022
Көрсетілген редакция
14.01.2022 163003_558494.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2200000739
ЭКБ идентификаторы
163003
Редакция идентификаторы
163003_558494
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:49

0 Қазақстан Республикасы

Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиiс
Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына, «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1

1. Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардағы 21 сағат 30 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының шекараларында төтенше жағдай енгізілсін.

2 2. Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілсін.

3 3. Төтенше жағдайдың кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының комендатурасы құрылып, оған «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген өкілеттіктер берілсін.

Шығыс Қазақстан облысының коменданты болып Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Кентайұлы Мәдиев тағайындалсын.

4 4. Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілсін:

1 1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;

2 2) Шығыс Қазақстан облысында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленсін;

3 3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;

4 4) Шығыс Қазақстан облысына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін;

5 5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;

6 6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;

7 7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленсін;

8 8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.

5

5. Төтенше жағдайдың режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Шығыс Қазақстан облысының комендатурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленсін.

6 6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.

7 7. Қазақстан Республикасының Үкіметі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қажетті қаражатты бөлсін.

8 8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы