Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Сауранского района

Ереже · № 67 · қабылданған 10.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-163244/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Сауранского района Қолданыста Ереже ·№ 67 ·10.12.2021
10.12.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Сауранского района

Қолданыста Ереже ·№ 67 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Сауранского района
Атауы (қаз.)
Сауран ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
67
Қабылданған күні
10.12.2021
Көрсетілген редакция
10.12.2021 163244_554943.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21UR026340
ЭКБ идентификаторы
163244
Редакция идентификаторы
163244_554943
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:08

0

Сауран ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Сауран ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Сауран ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы

Сауран аудандық мәслихатының
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 67 шешімімен бекітілген
Сауран ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс  істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Сауран ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган - «Сауран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

3

3. Сауран ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

4 4. Әлеуметтік қолдау Сауран ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

5 5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Қолданыстағы