О переименовании населенных пунктов Жетысайского и Келесского районов Туркестанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании населенных пунктов Жетысайского и Келесского районов Туркестанской области
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13/141-VII
- Қабылданған күні
- 10.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2021 163268_555716.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21U0026435
- ЭКБ идентификаторы
- 163268
- Редакция идентификаторы
- 163268_555716
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:10
0 Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы және 2021 жылғы 27 сәуірдегі қорытындылары негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Түркістан облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Жетісай ауданы бойынша:
Атамекен ауылдық округінің «40 лет Победы» ауылы «Баянды» ауылына;
Қазыбек би ауылдық округінің «Карл Маркс» ауылы «Таубай ата» ауылына;
Қызылқұм ауылдық округінің «Первомайское» ауылы «Алтынкөл» ауылына;
Қызылқұм ауылдық округінің «Киров» ауылы «Ақбұлақ» ауылына;
Мақталы ауылдық округінің «Чехов» ауылы «Жетісу» ауылына;
Келес ауданы бойынша:
Ақтөбе ауылдық округінің «М.Горький» ауылы «Кеңдала» ауылына;
Ақтөбе ауылдық округінің «Қызыләскер» ауылы «Лесбек батыр» ауылына;
Ошақты ауылдық округінің «Орджиникидзе» ауылы «Сәмбет Саттаров» ауылына;
Біртілек ауылдық округінің «Димитрово» ауылы «Ораз ата» ауылына;
Біртілек ауылдық округінің «Әзербайжан» ауылы «Көлтоған» ауылына;
Алпамыс батыр ауылдық округінің «Ленинжолы» ауылы «Ақжол» ауылына;
Қошқарата ауылдық округінің «Первое мая» ауылы «1 Мамыр» ауылына;
Бірлік ауылдық округінің «Коммунизм» ауылы «Ащысай» ауылына қайта аталсын.