Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и методики проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)

Бұйрық · № 1 · қабылданған 06.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-163488/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил и методики проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) Қолданыста Бұйрық ·№ 1 ·06.01.2022
06.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и методики проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)

Қолданыста Бұйрық ·№ 1 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и методики проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований)
Атауы (қаз.)
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
06.01.2022
Көрсетілген редакция
06.01.2022 163488_555701.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026490
ЭКБ идентификаторы
163488
Редакция идентификаторы
163488_555701
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:48

0 Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабының 1-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу қағидалары;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу әдістемесі бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары

Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 Бұйрығына
1-қосымша
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі - ЭТҚ) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг (бұдан әрі - социологиялық мониторинг) жүргізудің тәртібін айқындайды.
Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың социологиялық мониторингі – құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат алуға бағытталған әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жүйелі зерделеу.

2 2. Әлеуметтік мониторинг жүргізудің мақсаты құқық қорғау органының бөлімшелерінде моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін зерделеу болып табылады.

2 2-тарау. ЭТҚ-ғы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің тәртібі

3 3. ЭТҚ қызметкерлері үшін социологиялық мониторинг жыл сайын тамыз айында жүргізіледі.

4 4. Социологиялық мониторинг жүргізу кезінде қызметкер дәлелді себептермен (демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық, қызметтік іссапар) жұмыс орнында болмаған жағдайда, социологиялық мониторинг қызметкер қызметке шыққаннан кейін жүргізіледі.

5

5. Социологиялық мониторингтің жүргізілуін ұйымдастыру құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) төрағасының орынбасарына, құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша (бұдан әрі – аумақтық органдар) басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ қаржылық мониторинг органдарының кадр қызметіне (бұдан әрі – кадр қызметі) жүктеледі.

6 6. Социологиялық мониторинг тестілеу немесе сауалнама жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

7 7. Социологиялық мониторинг:

1 1) сұрау салынатын адамдарға тестілеудің мақсаттары мен анонимділігін алдын ала түсіндіре отырып құпия түрде;

2 2) ЭТҚ қызметкерінің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі;

3 3) социологиялық мониторинг өткізудің уақыты алпыс минутты құрайды.

8 8. Социологиялық мониторинг нәтижелерін объективті бағалау үшін ЭТҚ қызметкерлерінің іс жүзіндегі санынан кем дегенде 70 пайызының қатысуы жүргізіледі.

9 9. Социологиялық мониторингті ашу, өңдеу және талдау жұмыстарын кадр қызметінің қызметшілері, психолог жүргізеді.

2 Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің әдістемесі

Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 Бұйрыққа
2-қосымша
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің осы әдістемесі (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Социологиялық мониторинг жүргізу мынадай кезеңдерден тұрады:

1 1) социологиялық мониторингті дайындау және ұйымдастыру;

2 2) міндеттерді қою және зерттеу пәнін таңдау;

3 3) ұйымдастырушылық жұмыс (жеке құрамды жинау);

4 4) аспаптарды әзірлеу;

5 5) зерттеу деректерін жинау;

6 6) жиналған ақпараттың сапасын бақылау;

7 7) алынған деректерді өңдеу, алынған деректерді сандық және сапалық талдау;

8 8) талдамалы анықтамаларды және ұсынымдарды дайындау.

3 3. Социологиялық мониторинг жүргізуге дайындалу кезінде электрондық не қағаз тасымалдағыштарындағы сауалнамаға енгізілетін сұрақтардың тізбесі жасалады және сұрауға қатысушылардың құрамы (жауап алынатындардың іріктемелі жиынтығы), сұрауды жүргізу орны мен мерзімі айқындалады.

4 4. Социологиялық мониторинг нәтижелерін интерпретациялау (өңдеу) қызметкердің қызметтегі қоршаған жағдайына субъективті пікіріне және қарым-қатынасына негізделеді:

1 1) қызметімен қанағаттануына;

2 2) әріптестермен қарым-қатынасына;

3 3) басшының стиліне;

4 4) жеке қабылдауының және бағалауының, өзара пікір алмасуының негізіндегі топтық нормаларға және құндылықтарға.

5 5. Еңбекпен қанағаттанудың тура өлшемшарттары:

1 1) кәсіптік қызметке қанағаттанудың жоғары және ортадан жоғары деңгейі;

2 2) пікірлер келісімділігінің жоғары және ортадан жоғары дәрежесі;

3 3) басшылар мен бағыныстылардың өзара қолайлы қарым-қатынасы болып табылады.

6 6. Еңбекпен қанағаттанбаудың жанама өлшемшарттары:

1

1) қызметкерлердің кәсіби қызметінің уәждемесін өзгертумен, кәсіптік күйреумен (оның ішінде жеке жетістіктердің редукциясымен), кәсіптік денсаулықтың нашарлауымен, кәсіптік қызметпен қанағаттанудың төмен бағасымен, жұмыста перспективалардың болмауымен, еңбектің ауыр шарттарымен, еңбекақының төмен деңгейімен, әлеуметтік қорғалудың нашарлауымен байланысты кадрлардың тұрақтамауы;

2 2) ұжымның қызметтік жұмыс тиімділігінің төмендігі, қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейінің төмендігі, басшылықтың ұжыммен авторитарлық стилі, атқарушылық тәртіп деңгейінің төмендігі;

3 3) қызметкерлердің жанжал шығарушылығы және төмен толеранттылығы болып табылады.

7 7. Толтырылған тесттер немесе сауалнамалар арнайы жабдықталған контейнерге жиналады. Контейнерге мөр қойылады және кадр қызметі басшысының қатысуымен ашылады, тесттер немесе сауалнамаларға қайта санау жүргізіледі және өңдеу үшін психологқа тапсырылады.

8 8. Социологиялық мониторинг нәтижелері қағаз және электрондық тасымалдағыштарда тұжырымдары мен ұсынымдары бар жүргізілген зерттеу туралы талдамалық анықтама түрінде рәсімделеді және Агенттіктің төрағасы мен аумақтық қаржылық мониторинг органдарының басшыларына ұсынылады.

3 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 Бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 726 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12762 болып тіркелген);

2

2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 966 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17714 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармағы.

3

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 10-тармағы.

Қолданыстағы