Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Қаулы · № 12 · қабылданған 13.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-163609/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары Қолданыста Қаулы ·№ 12 ·13.01.2022
13.01.2022 редакциясы
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Қолданыста Қаулы ·№ 12 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12
Қабылданған күні
13.01.2022
Көрсетілген редакция
13.01.2022 163609_556683.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22N0026500
ЭКБ идентификаторы
163609
Редакция идентификаторы
163609_556683
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:44

0 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері күнтізбелік отыз күн мерзіміне, оны кем дегенде күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен:

1) ақ қауданды қырыққабат – килограммына 104 теңге;

2) картоп – килограммына 140 теңге;

3) асханалық сәбіз – килограммына 148 теңге;

4) басты пияз – килограммына 86 теңге;

5) ақ қант – құмшекер – килограммына 289 теңге;

6) күнбағыс майы – литріне 767 теңге болып бекітілсін.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы