О признании утратившими силу некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 06.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2022 163704_555989.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026505
- ЭКБ идентификаторы
- 163704
- Редакция идентификаторы
- 163704_555989
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:48
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрықтың тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 6 қаңтардағы № 8
бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 722 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12772 болып тіркелген).
2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы № 966 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17714 болып тіркелген) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы.
3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 7-тармағы.