Құжат мәтініне өту

Об определении перечня товаров, работ, услуг, по которым необходимо привлечение экспертной комиссии либо эксперта

Бұйрық · № 60 · қабылданған 20.01.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-163770/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об определении перечня товаров, работ, услуг, по которым необходимо привлечение экспертной комиссии либо эксперта Күшін жойған Бұйрық ·№ 60 ·20.01.2022
01.01.2025 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня товаров, работ, услуг, по которым необходимо привлечение экспертной комиссии либо эксперта

Күшін жойған Бұйрық ·№ 60 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня товаров, работ, услуг, по которым необходимо привлечение экспертной комиссии либо эксперта
Атауы (қаз.)
Сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
60
Қабылданған күні
20.01.2022
Көрсетілген редакция
01.01.2025 163770_736564.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026573
ЭКБ идентификаторы
163770
Редакция идентификаторы
163770_736564
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:41

0 Сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің

тізбесін айқындау туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 11-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 20 қаңтардағы № 60
бұйрығына қосымша
Сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы
1.
серверлер, телекоммуникация құралдары және олардың құрамдас бөліктері (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан жағдайда)
2.
жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экрандар, процессорлар, ноутбуктер, көп функционалды құрылғылар, принтерлер, сканерлер (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
3.
лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық өнімдер), апараттық-бағдарламалық кешен (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

Қолданыстағы