О внесении изменений в некоторые решения акима села Сарга
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения акима села Сарга
- Атауы (қаз.)
- Сарға ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ПИ-74982
- Қабылданған күні
- 11.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2022 163842_556786.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22MCA26542
- ЭКБ идентификаторы
- 163842
- Редакция идентификаторы
- 163842_556786
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:46
0 Сарға ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы
ШЕШТІМ:
1 1.Сарға ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) Сарға ауылы әкімінің «Атаусыз көшелерге атау беру туралы»
2017 жылғы 10 шілдедегі № 59 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3406 болып тіркелген):
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1.Сарға ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Солтүстік шығыстағы бірінші көшеге - Егемен ел;
2) Батыстағы бірінші көшеге - Тәуелсіздік;
3) Оңтүстік шығыстағы бірінші көшеге - Қаналыұлы Абдолла.»;
2 2) Сарға ауылы әкімінің «Сарға селолық округі әкімінің 2008 жылғы 14 қазандағы №83 «Жаңа көшеге ат беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылғы 10 шілдедегі №60 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 болып тіркелген):
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы №40 және Маңғыстау облыстық маслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы №7/95 «Бейнеу ауданының әкімшілік аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3309 болып тіркелген) бірлескен қаулы мен шешіміне сәйкес ШЕШТІМ:»