О создании командования Сил специальных операций Вооруженных Сил Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании командования Сил специальных операций Вооруженных Сил Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 779
- Қабылданған күні
- 19.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 163871_645128.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2200000779
- ЭКБ идентификаторы
- 163871
- Редакция идентификаторы
- 163871_645128
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:42
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері
Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін, қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2022 жылғы
19 қаңтардағы № 779
Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1
2 2. Қызмет бабында пайдалану үшін.
3 3. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 98 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесінің лауазымдық құрамында:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы;».
4 4. Құпия.
5 5. Қызмет бабында пайдалану үшін.
_______________________