Об уплате акцизов по импортируемым подакцизным товарам, подлежащим обязательной маркировке марками акцизного сбора
Күшін жойған
Қаулы
№ 1224
20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об уплате акцизов по импортируемым подакцизным товарам, подлежащим обязательной маркировке марками акцизного сбора
- Атауы (қаз.)
- Акциздік алым маркаларымен міндетті таңбалауға жататын импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1224
- Қабылданған күні
- 02.12.1998
- Көрсетілген редакция
- 18.04.1999 AI1640_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P980001224_
- ЭКБ идентификаторы
- 1640
- Редакция идентификаторы
- AI1640_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:26
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Акциздік алым маркаларымен міндетті таңбалауға жататын импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төлеу туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметіні 1999.04.19. № 431 қаулысымен
Бюджетке акциздік алым маркаларымен міндетті таңбалауға жататын импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Акциздік алым маркаларымен міндетті таңбалауға жататын импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төлеу, акциздік алым маркілерін сатып алу сәтінде, импортталатын таңбаланған акцизделетін тауарларды кедендік ресімдейтін кеден органына жүргізіледі деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі акциздік алым маркаларымен міндетті түрде таңбалауды енгізу туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 518-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын.