Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах лицензирования аудиторской деятельности

Бұйрық · № 79 · қабылданған 24.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164034/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О некоторых вопросах лицензирования аудиторской деятельности Қолданыста Бұйрық ·№ 79 ·24.01.2022
24.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах лицензирования аудиторской деятельности

Қолданыста Бұйрық ·№ 79 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах лицензирования аудиторской деятельности
Атауы (қаз.)
Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
79
Қабылданған күні
24.01.2022
Көрсетілген редакция
24.01.2022 164034_558879.kaz
Соңғы өзгеріс
24.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026614
ЭКБ идентификаторы
164034
Редакция идентификаторы
164034_558879
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:40

0 Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті аудиторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган –лицензиар (лицензиялар (оның ішінде телнұсқалар) беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру) болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
сандық даму, инновациялық және
аэроғалымдық өнеркәсібінің министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық зкономика министрлігі

0 Аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 24 қаңтардағы
№ 79 Бұйрығымен
бекітілген
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

р/с
Ауди­тор­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
1.
«Аста­на» ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ор­та­лы­ғын­да тір­кел­ген ұй­ым­дар­ды қо­с­па­ған­да, жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стік ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны­ның бо­луы
Жар­ғы­ның, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік* неме­се анық­та­ма
Ли­цен­зи­ар ор­ган
www.​eli​cens​e.​kz, www.​egov.​kz мем­ле­кет­тік де­рекқо­ры ар­қы­лы тек­се­рі­ле­ді
2.
Жар­ғы­лық ка­пи­тал­да ауди­тор­ға (ауди­тор­лар­ға) және (неме­се) ше­тел­дік ауди­тор­лық ұй­ым­ға (ұй­ым­дар­ға) ти­е­сі­лі үле­стің жүз пай­ы­зы бо­луы
Жар­ғы­ның, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік* неме­се анық­та­ма;
Құ­ры­л­тай­шы­лар­дың (қа­ты­су­шы­лар­дың) «ауди­тор» бiлiк­тiлi­гiн бе­ру ту­ра­лы бiлiк­тiлiк ку­әлiк­терiнiң кө­шiр­ме­лерi.
Ли­цен­зи­ар ор­ган www.​eli​cens​e.​kz мем­ле­кет­тік де­рекқо­ры ар­қы­лы тек­се­рі­ле­ді
3.
Ауди­тор­лық ұй­ым­ның құ­ра­мын­да ке­мін­де 2 (екі) адам­нан тұ­ра­тын (оның ішін­де бас­шы­сы­ның және (неме­се) құ­ры­л­тай­шы­лар­дың (қа­ты­су­шы­лар­дың) бо­луы
Осы ауди­тор­лық ұй­ым­да жұ­мыс iстей­тiн ауди­тор­лар­ға «ауди­тор» бiлiк­тiлi­гiн бе­ру ту­ра­лы бiлiк­тiлiк ку­әлiк­терiнiң және осы ауди­тор­лық ұй­ым­мен ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шiр­ме­лерi, бас­шы­ның ең­бек шар­тын жа­са­су және (неме­се) тоқ­та­ту негі­зін­де ең­бек қа­ты­на­ста­ры­ның туын­да­уын және (неме­се) тоқ­та­ты­луын рас­тай­тын жұ­мыс бе­ру­ші ак­ті­ле­рі­нен үзін­ді
4.
Ауди­тор­дың өз қыз­ме­тін ауди­тор ре­т­ін­де тек бір ауди­тор­лық ұй­ым­ның құ­ра­мын­да жү­зе­ге асы­руы
5.
Ауди­тор­лық ұй­ым бас­шы­сын­да, сон­дай-ақ ауди­тор­лар­да ауди­тор­лар­ға кан­ди­дат­тар­ды ат­те­стат­тау жө­нін­де­гі бі­лік­ті­лік ко­мис­си­я­сы бер­ген «ауди­тор» бі­лік­ті­лі­гін бе­ру ту­ра­лы бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі­нің бо­луы
«Ауди­тор» бiлiк­тiлi­гiн бе­ру ту­ра­лы бiлiк­тiлiк ку­әлiк­те­рі­нің кө­шiр­ме­лерi
6.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­лық ак­ті­ле­ріне сәй­кес ауди­тор­лық ұй­ым­ның бас­шы­сы­на қа­ты­сты бұ­рын ол же­тек­ші­лік ет­кен ауди­тор­лық ұй­ым­ның ли­цен­зи­я­сы­нан ай­ы­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы
Осы та­лап ли­цен­зи­ядан ай­ы­ру ту­ра­лы сот ше­ші­мі заң­ды кү­шіне ен­ген кү­ні­нен ба­стап бір жыл бойы әре­кет ете­ді және ауди­тор­лық ұй­ым­дар ті­зі­лі­мі­нің және құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі уәкiлет­тi ор­ган­ның ақ­па­рат­тық де­рекқо­ры­ның де­ректе­рін пай­да­ла­на оты­рып тек­се­рі­ле­ді
7.
Фи­ли­ал бас­шы­сы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да фи­ли­ал құр­ған жағ­дай­да, «ауди­тор» бiлiк­тiлiк ку­әлi­гi­нің бо­луы
«Ауди­тор» бiлiк­тiлi­гiн бе­ру ту­ра­лы бiлiк­тiлiк ку­әлi­гiнiң, ең­бек кiтап­ша­сы­ның, же­ке ең­бек шар­ты­ның кө­шiр­ме­лерi не бас­шы­ның ең­бек шар­тын жа­са­су және (неме­се) тоқ­та­ту негі­зін­де ең­бек қа­ты­на­ста­ры­ның туын­да­уын және (неме­се) тоқ­та­ты­луын рас­тай­тын жұ­мыс бе­ру­ші ак­ті­ле­рі­нен үзін­ді
Бұл та­лап ауди­тор­лық ұй­ым­дар ли­цен­зия ал­ған­нан кей­ін қол­да­ны­ла­ды
8.
Ауди­тор бір ға­на ауди­тор­лық ұй­ым­ның қа­ты­су­шы­сы бо­лып та­бы­ла­ды
Жар­ғы­ның, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік* неме­се анық­та­ма;
Құ­ры­л­тай­шы­лар­дың (қа­ты­су­шы­лар­дың) «ауди­тор» бiлiк­тiлi­гiн бе­ру ту­ра­лы бiлiк­тiлiк ку­әлiк­терiнiң кө­шiр­ме­лерi.
Ли­цен­зи­ар ор­ган www.​eli​cens​e.​kz мем­ле­кет­тік де­рекқо­ры ар­қы­лы тек­се­рі­ле­ді
9.
Аудит­ті жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де мү­лік­тік зи­ян кел­ті­ру­дің сал­да­ры­нан туын­дай­тын мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның бо­луы
Бұл та­лап ауди­тор­лық ұй­ым­дар ли­цен­зия ал­ған­нан кей­ін қол­да­ны­ла­ды
10.
Ауди­тор­лық қыз­мет ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген қыз­мет түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ру
Ли­цен­зи­ар ор­ган
www.​eli​cens​e.​kz мем­ле­кет­тік де­рекқо­ры ар­қы­лы тек­се­рі­ле­ді
11.
Ор­та неме­се ірі кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі бо­лып та­бы­ла­ды
Ли­цен­зи­ар ор­ган
www.​eli​cens​e.​kz мем­ле­кет­тік де­рекқо­ры ар­қы­лы тек­се­рі­ле­ді
Ше­тел­дік ұй­ым (ше­тел­дік ұй­ым­дар) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті – ауди­тор­лық ұй­ым­ды құр­ған кез­де жо­ға­ры­да са­на­ма­лан­ған бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­нан бас­қа, мы­на­дай қо­сым­ша та­лап қой­ы­ла­ды:
12.
Ше­тел­дік ұй­ым ауди­тор­лық ұй­ым бо­лып та­ны­ла­ды
Ре­зи­ден­тi бо­лып та­бы­ла­тын ел­дiң кәс­i­би ауди­тор­лық ұй­ы­мы неме­се мем­ле­кет­тiң құ­зы­рет­тi ор­га­ны бе­ретiн но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы бар ауди­тор­лық ұй­ым­ның мәр­те­бесiн рас­тау ту­ра­лы хат­тың түп­нұс­қа­сы не ли­цен­зи­я­ның но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шiр­месi
Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын, кәсiби аудиторлық ұйымының мүшелігі туралы құжат
Ескертпе:
* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

Қолданыстағы