Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан

Бұйрық · № 7 · қабылданған 12.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164039/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 7 ·12.01.2022
12.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 7 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бірқатар бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7
Қабылданған күні
12.01.2022
Көрсетілген редакция
12.01.2022 164039_559140.kaz
Соңғы өзгеріс
12.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026619
ЭКБ идентификаторы
164039
Редакция идентификаторы
164039_559140
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:45

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бірқатар бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер енгізілетін бірқатар бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер енгізілетін бірқатар бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 12 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер енгізілетін бірқатар бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6340 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiне қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. «Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20622 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Шағын жинақты жалпы білім беретін мектептердің педагогтерінің жалақысы педагогикалық жұмыстың бір аптадағы нақты оқу жүктемесі үшін есептеледі, бірақ сынып-жиынтыққа кіретін басқа сыныптармен салыстырғанда оқу уақытының ең көп көлемі көрсетілген сынып-жиынтыққа кіретін сыныптың оқу жоспарында көзделгеннен жоғары емес.
Бір мұғалімге бір жарым ауысымдағы жұмысы үшін жалақы оқушылардың жалпы контингенті 20 адамға дейін екі бастауыш сынып, оқушылардың жалпы контингенті 15 адамға дейін үш бастауыш сынып, оқушылардың жалпы контингенті 10 адамға дейін төрт бастауыш сынып болған кезде білім алушылар біріктірілетін сынып-жиынтығы бар оқу жоспары бойынша оқу уақытының көлеміне байланысты есептеледі.
Егер екі бастауыш сыныптағы оқушылар саны 20 және одан да көп адамды құраса, әрбір мұғалімге жеке сыныбымен жұмыс істегені үшін жалақы есептеледі.
Егер оқушылардың саны 15 және одан да көп адам болса, үш бастауыш сынып біріктірілгенде, 10 және одан да көп адам санымен төрт бастауыш сыныптарды біріктірген кезде мұғалімге жалақы әрбір сынып-жиынтыққа есептеледі.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған 15 білім алушыдан (тәрбиеленушіден) кем арнайы білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектептер мен мектеп-интернаттардың сыныптарында сыныптарға басшылық жасағаны, дәптерлерін және жазбаша жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық айлықақыларына (мөлшерлемелеріне) қосымша ақы қаулыда белгіленген мөлшердің 50 пайызы мөлшерінде жүргізіледі. Бұл тәртіп сыныптарды кіші топтарға бөлу кезінде де қолданылады.»;

3

3. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 97 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13307 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.».

0 Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 12 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына
қосымша
Оқу орын­да­ры­ның, ме­ке­ме­лер­дiң және ұй­ым­дар­дың ата­уы
Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы
1. Жал­пы бiлiм бе­ре­тін мек­теп­тер, оның iшiн­де ли­цей­лер (мек­теп-ли­цей­лер), гим­на­зи­я­лар (мек­теп-гим­на­зи­я­лар), ма­ман­дан­ды­ры­л­ған, Тұң­ғыш Пре­зи­дент­тің ин­тел­лек­ту­ал­дық мек­теп­те­рі, ша­ғын ком­плек­ті­лі, кеш­кi (ауы­сым­ды) және сырт­тай оқы­ту мек­теп­терi, сырт­тай оқы­ту бөлiм­дерi, экс­пе­ри­мент­тiк алаң­дар, са­на­тор­лық мек­теп­тер және мек­теп-ин­тер­нат­тар, са­на­тор­лық-ор­ман­ды мек­теп­тер, бар­лық үл­гi­де­гi және ата­у­лы спорт мек­теп­терi, мек­теп-ба­ла­бақ­ша­лар, ба­ла­бақ­ша-мек­теп ке­шен­дерi, оқу-тәр­бие, оқу-са­уық­ты­ру, оқу-тәр­бие ор­та­лық­та­ры (ке­шен­дерi), ұзар­ты­л­ған күн мек­теп­терi және ұзар­ты­л­ған күн топ­та­ры, үш жыл­дық ше­бер­лер мек­тебi, му­зы­кант­тық тәр­бие мек­тебi, ар­на­у­лы бі­лім бе­ру ұй­ым­дар (дене бiтi­мiнiң неме­се ақыл-есi­нің жетiлуiн­де ке­мiстi­гi бар ба­ла­лар мен жа­сө­спiрiм­дер­ге ар­нал­ған мек­теп­тер, мек­теп-ин­тер­нат­тар, сы­нып­тар, ерекше тәр­би­е­леу жағ­дай­ын қа­жет ететiн ба­ла­лар мен жа­сө­спiрiм­дер­ге ар­нал­ған ар­на­у­лы ұй­ым­дар және т.б.) бар­лық үл­гi­де­гi және ата­у­лы мек­теп-ин­тер­нат­тар, мек­теп жа­нын­да­ғы ин­тер­нат­тар, оқу­шы­лар­ды ең­бек­ке ба­у­лу және кәс­iп­тiк бағ­дар бе­ре­тін мек­те­па­ра­лық оқу-өн­дiрiстiк ком­би­нат­тар.
Му­зы­ка­лық және көр­кем-өнер мек­теп­терi мен мек­теп-ин­тер­нат­та­ры. Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған әс­ке­ри ор­та мек­теп­тер, мек­теп-ин­тер­нат­тар және учи­ли­ще­лер. Ло­го­пед­тiк пунк­ті­лер, пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го ика­лық кон­суль­та­ци­я­лар.
Оңал­ту ор­та­лық­та­ры, пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да­го­ги­ка­лық тү­зе­ту ка­би­нет­те­рі, тү­зе­ту және ин­клю­зив­тік бі­лім ка­би­нет­те­рі. Же­тім ба­ла­лар мен ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ин­тер­нат­тық бі­лім ұй­ым­да­ры, жа­сө­спiрiм­дер үй­лерi, ба­ла­лар де­рев­ня­сы, ба­ла­лар қа­ла­шық­та­ры, ба­ла­лар үй­ле­рі, кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­лар­ға ар­нал­ған же­тім­ха­на­лар.
Ба­ла­лар­дың ең­бек және тәр­би­елiк-ең­бек ко­ло­ни­я­ла­ры, ба­ла­лар қа­был­дау пунк­ті­лерi, кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ға ар­нал­ған қа­был­дау-бө­лу орын­да­ры, мек­теп-ко­ло­ни­я­лар (ата­уы­на қа­ра­ма­стан), ғы­лы­ми ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го­ги­ка­лық кон­суль­та­ци­я­лар, ең­бек­ке тәр­би­е­леу ин­сти­тут­та­ры, шәл­кес мi­нездi адам­дар­ды ерекше жағ­дай­да ұстай­тын бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры.
Мек­теп­ке дей­iн­гi ұй­ым­дар­дың бар­лық түр­лерi мен ата­у­ла­ры (ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай-бақ­ша­лар, бө­бек­жай­лар, мек­теп­ке дей­ін­гі ми­ни ор­та­лық­тар).
Мек­теп­тен тыс ба­ла­лар ұй­ым­да­ры (но­мен­кла­ту­ра­ға сәй­кес).
Клуб­тар, мә­де­ни­ет са­рай­ла­ры және тұр­ғын үй-пай­да­ла­ну ұй­ым­да­ры жа­нын­да­ғы оқу­шы бөл­ме­лерi.
Тех­ни­ка­лық және кәс­iп­тiк, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры:
кә­сіп­тік ли­цей;
кол­ледж;
учи­ли­ще;
кә­сіп­тік-ең­бек­пен оқы­ту ор­та­лық­та­ры;
ең­бек­пен тү­зе­ту ме­ке­ме­ле­рі жа­нын­да­ғы кә­сіп­тік мек­теп (ли­цей);
мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі ба­ла­лар­ға ар­нал­ған кә­сіп­тік мек­теп (ли­цей);
же­тім ба­ла­лар­ға ар­нал­ған кә­сіп­тік ли­цей­лер;
әс­ке­ри-тех­ни­ка­лық мек­теп;
өңі­ра­ра­лық кә­сіп­тік бі­лім бе­ре­тін ор­та­лық;
жо­ға­ры тех­ни­ка­лық мек­теп;
кә­сіп­тік-тех­ни­ка­лық оқы­ту ор­та­лы­ғы;
фаб­ри­ка-за­уыт­тық оқы­ту және тә­лім­гер­лік мек­те­бі, аза­мат­тық авиа­ция мек­теп­терi мен оқу-жат­тығу бөлiм­ше­лерi және ата­уы­на қа­ра­ма­стан кадр­лар да­яр­лау жөнiн­де­гi оқу орын­да­ры.
Бiлiк­тiлiк­ті арт­ты­ру жөнiн­де­гi кур­стар­ды, оның iшiн­де сырт­тан оқы­та­тын кур­стар­ды іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­дар.
Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тiк қам­сыздан­ды­ру ме­ке­ме­лерi: бө­бек үй­лерi, ба­ла­лар са­на­то­рий­лерi, кли­ни­ка­лар, ем­ха­на­лар, ау­ру­ха­на­лар, сон­дай-ақ ере­сек­тер ме­ке­ме­лерiн­де­гi ба­ла­лар­ға ар­нал­ған бөлiм­ше­лер, па­ла­та­лар. Жо­ға­ры оқу орын­да­ры­ның фи­ли­а­лын қо­с­па­ған­да­ғы бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры­ның фи­ли­ал­да­ры. Сту­ди­я­лар, клуб­тар.
Сту­дент­тiк-зерт­теу бю­ро­ла­ры.
Оқу-кон­суль­та­ция пунк­ті­ле­рі, оқу (оқу-жат­тығу) ор­та­лық­та­ры, оқу-өн­дiрiстiк, оқу кур­стық ком­би­нат­тар, оқу-ғы­лы­ми-өн­дiрiстiк ке­шен­дер, оқу-са­уық­ты­ру, оқу-тәр­бие ор­та­лық­та­ры.
Ла­гер­лер (спорт­тық-қор­ға­ныс, са­уық­ты­ру, мек­теп­тiк, ең­бек және де­ма­лыс ла­гер­лерi).
Бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры­ның оқу по­ли­гон­да­ры.
Оқу ша­ру­а­шы­лық­та­ры
1. Мұ­ғалiм­дер, бар­лық ма­ман­дық пе­да­гог­та­ры, пе­да­гог-пси­хо­лог­тар, сур­до­пе­да­гог­тар, әле­умет­тiк пе­да­гог­тар, пе­да­гог-ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар, де­фек­то­лог мұ­ғалiм­дер, мұ­ғалiм-ло­го­пед­тер, оқы­ту­шы­лар, ло­го­пед­тер, ло­го­пед­тiк пункт­тер­дiң мең­ге­ру­шiлерi, тәр­би­е­шiлер (тәр­би­е­шi-бас­шы­лар), тәр­би­е­шi-әдiс­кер­лер, аға тәр­би­е­шiлер, аға әдiс­кер­лер (кур­стар­да­ғы әдiс­кер­лер, егер бұл кур­стар олар үшiн негiз­гi жұ­мыс ор­ны бо­лып есеп­тел­ген жағ­дай­да), кон­церт­мей­стер­лер, сүй­е­мел­де­ушiлер, му­зы­ка­лық же­тек­шiлер (қыз­мет­кер­лер), қо­сым­ша бiлiм бе­ру пе­да­гог­терi, мас­со­вик­тер және экс­кур­со­вод­тар (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), спорт бой­ын­ша аға жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­лар (жат­тық­ты­ру­шы­лар, оқы­ту­шы­лар), во­жа­тый­лар, аға во­жа­тый­лар, мә­де­ни­ет ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар, ең­бек жөнiн­де­гi нұс­қа­у­шы­лар, аға ше­бер­лер, өн­дiрiстiк оқу ше­бер­лерi (нұс­қа­у­шы­ла­ры), ды­быс ка­би­нет­терiнiң нұс­қа­у­шы­ла­ры, ды­быс ка­би­нет­терiнiң мең­ге­ру­шiлерi (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), де­не­шы­нық­ты­ру жө­нін­де­гi нұс­қа­у­шы­лар, жү­зу жө­нін­де­гі нұс­қа­у­шы­лар, аға нұс­қа­у­шы­лар-әдіс­кер­лер, нұс­қа­у­шы-әдiс­кер­лер (оның iшiн­де де­не­шы­нық­ты­ру және спорт, ту­ризм бой­ын­ша), бас­шы­лар, ди­рек­тор­лар, мең­ге­ру­шiлер, ба­стық­тар, олар­дың орын­ба­сар­ла­ры (кө­мек­шiлерi) (ша­ру­а­шы­лық жұ­мыс жөнiн­де­гi қыз­мет­кер­лер са­на­ты­нан бас­қа), оқу, оқу-тәр­бие, пе­да­го­ги­ка­лық бөлiм мең­ге­ру­шiсi, өн­дiрiстiк оқы­ту, шет тi­лі жөнiн­де­гi оқу бөлi­мiнiң мең­ге­ру­шiлерi, бөлiм­дер­дiң, зерт­ха­на­лар­дың, ка­би­нет­тер­дiң, ше­бер­ха­на­лар­дың, бөлiм­ше­лер­дiң, сек­ци­я­лар­дың, сек­тор­лар­дың, фи­ли­ал­дар­дың, оқу-кон­суль­та­ци­я­лық пунк­ті­лер­дің, пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го ика­лық кон­суль­та­ци­я­лар­дың мең­ге­ру­шiлерi (ба­стық­та­ры), кур­стар­дың, оқу-өн­дiрi­стік, оқу кур­стық ком­би­нат­тар­дың, цик­л­дар­дың ба­стық­та­ры, өн­дiрiстiк, пе­да­го­ги­ка­лық прак­ти­ка мең­ге­ру­шiлерi, тәр­тiп жөнiн­де­гi аға ке­зек­шiлер, тәр­тiп жөнiн­де­гi ке­зек­шiлер, ба­ста­уыш әс­ке­ри дай­ын­дық жөнiн­де­гi оқы­ту­шы-ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар, бiлiм бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы аудар­ма­шы-дак­ти­ло­лог (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн­гi сур­до­пе­да­гог).
2. Жо­ға­ры оқу орын­да­ры.
2. Про­фес­сор­лық-оқы­ту­шы­лық құ­рам, ғы­лы­ми қыз­мет­кер­лер
3. Жо­ға­ры, тех­ни­ка­лық және кәс­iп­тiк әс­ке­ри оқу орын­да­ры
3. Про­фес­сор­лық-оқы­ту­шы­лық ла­у­а­зым­дар­да­ғы жұ­мыс (қыз­мет)
4. Кадр­лар­ды жетiл­дi­ру, қай­та да­яр­лау, бiлiк­тiлi­гiн арт­ты­ру ин­сти­тут­та­ры, бар­лық ата­у­лы әдiсте­мелiк ұй­ым­дар (ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты­лы­ғы­на қа­ра­ма­стан)
4. Про­фес­сор­лық-оқы­ту­шы­лық құ­рам, оқы­ту­шы­лар, әдiс­кер­лер (ғы­лы­ми қыз­мет­кер­лер), аға әдiс­кер­лер, ди­рек­тор­лар, мең­ге­ру­шiлер, олар­дың орын­ба­сар­ла­ры, оқу бөлi­мiнiң, сек­тор­лар­дың, ка­би­нет­тер­дiң, зерт­ха­на­лар­дың мең­ге­ру­шiлерi.
5. Бiлiм бе­ру ор­ган­да­ры және бiлiм бе­ру ұй­ым­да­ры­на бас­шы­лық етудi iс­ке асы­ра­тын ор­ган­дар.
5. Бас­қа­ру­шы, ин­спек­тор­лық (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), әдiс­кер­лiк ла­у­а­зым­дар, сон­дай-ақ пе­да­го­ги­ка­лық қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты ла­у­а­зым­дар.
6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Iш­кi іс­тер ми­ни­стр­лi­гi, iш­кi iстер бас­қар­ма­ла­ры (бас бас­қар­ма­ла­ры), Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі­нің ең­бек­пен тү­зеу ме­ке­ме­лерiнiң бас­қар­ма­ла­ры.
6. Аға ин­спек­тор­лар (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), жал­пы бiлiм бе­ру, оқу-тәр­бие, әдiсте­мелiк, мек­теп­тен тыс жұ­мыстар, өн­дiрiстiк оқу, ба­ла­ны қор­ғау, мек­теп­ке дей­iн­гi тәр­бие және оқу жөнiн­де­гi ин­спек­тор­лар.
7. Өн­дiрiстiк бiр­ле­стiк­тер құ­ра­мын­да ұй­ым­да­сты­ры­л­ған мек­теп­ке дей­iн­гi ба­ла­лар ұй­ым­да­ры­ның, әле­умет­тiк мә­де­ни объ­ек­тiлер­дің және спорт­тық ғи­ма­рат­тар­дың бас­қар­ма­ла­ры (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн).
7. Мек­теп­ке дей­iн­гi тәр­бие және оқы­ту, жастар­мен жұ­мыс бөлiм­дерiнiң ин­спек­тор­ла­ры (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн)
8. Тех­ни­ка­лық оқы­ту бөлiм­дерi (бю­ро), кәс­i­по­рын­дар­дың, бiр­ле­стiк­тер­дiң кадр бө­лім­де­рі, өн­дiрi­сте кадр­лар да­яр­ла­у­мен және олар­дың бiлiк­тiлi­гiн арт­ты­ру­мен ай­на­лы­са­тын ми­ни­стр­лiк­тер­дiң (ве­дом­ство­лар­дың) бөлiм­ше­лерi.
8. Штат­тық оқы­ту­шы­лар, өн­дiрi­сте жұ­мыс­шы­лар­ды өн­дiрiстiк оқы­ту ше­бер­лерi, қыз­метi кадр­лар да­яр­лау және олар­дың бiлiк­тiлi­гiн арт­ты­ру мә­се­лесi мен бай­ла­ны­сты бас­шы­лық, ин­спек­тор­лық, ин­же­нер­лiк (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), әдiс­кер­лiк ла­у­а­зым­дар
9. ДО­СА­АФ және аза­мат­тық авиа­ция оқу орын­да­ры және оқу ұй­ым­да­ры.
9. Бас­шы­лық, ко­ман­да­лық-ұшу, ко­ман­да­лық-нұс­қа­у­шы­лық, ин­же­нер­лік-нұс­қа­у­шы­лық, нұс­қа­у­шы­лық, ин­же­нер-әдіс­кер­лер, ин­же­нер-ұш­қыш-әдiс­кер­лер (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн) оқы­ту­шы­лық құ­рам және өн­дiрiстiк оқы­ту ше­бер­лерi.
10. Ме­ке­ме­лер­дiң, кәс­i­по­рын­дар­дың және ұй­ым­дар­дың жа­тақ­ха­на­ла­ры, тұр­ғын үй-пай­да­ла­ну ұй­ым­да­ры, жастар тұр­ғын үй ке­шен­дерi, ба­ла­лар ки­но­те­атр­ла­ры, жа­сө­спiрiм кө­ре­рмен те­атр­ла­ры, қуыр­шақ те­атр­ла­ры, ба­ла­лар­мен және жа­сө­спiрiм­дер­мен жұ­мыс жүр­гi­зу жөнiн­де­гi кәс­i­по­рын­дар мен ұй­ым­дар­дың мә­де­ни-ағар­ту ме­ке­ме­лерi
10. Тәр­би­е­шiлер, пе­да­гог-ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар, пси­хо­лог­тар, оқы­ту­шы­лар, қо­сым­ша бiлiм бе­ру пе­да­гог­та­ры, нұс­қа­у­шы­лар және нұс­қа­у­шы-әдiс­кер­лер, жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­лар және ба­ла­лар­мен және жа­сө­спiрiм­дер­мен жұ­мыс жүр­гi­зу жөнiн­де­гi ма­ман­дар, ба­ла­лар бөлiм­дерiнiң, сек­тор­ла­ры­ның мең­ге­ру­шiлерi
11. Ең­бек­пен тү­зеу ко­ло­ни­я­ла­ры, ең­бек­ке тәр­би­е­леу ко­ло­ни­я­ла­ры, тер­геу изо­ля­тор­ла­ры және түр­ме­лер, ем­деу-ең­бек және ең­бек­пен тәр­би­е­леу про­фи­лак­то­рий­лерi, бұ­рын­ғы әс­ке­ри тұт­қын­дар мен жер ауда­ры­л­ған­дар ла­гер­лерiнiң бөлiм­дерi, ар­на­у­лы оқу-ең­бек ме­ке­ме­лерi
11. Пе­да­го­ги­ка­лық бiлi­мi бар адам­дар­дың ба­стық­тың са­я­си-тәр­бие жұ­мысы жөнiн­де­гi орын­ба­са­ры, са­я­си-тәр­бие жұ­мысы жөнiн­де­гi аға нұс­қа­у­шы және нұс­қа­у­шы (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), от­ряд ба­стығы, жал­пы бiлiм бе­ру жұ­мысы жөнiн­де­гi аға ин­спек­тор және ин­спек­тор, аға нұс­қа­у­шы-әдiс­кер, кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­мен жұ­мыс жүр­гi­зу жөнiн­де­гi аға нұс­қа­у­шы және нұс­қа­у­шы (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), өн­дiрiстiк-тех­ни­ка­лық оқу жөнiн­де­гi аға ин­же­нер және ин­же­нер (1999 жы­л­ғы 15 қыр­күй­ек­ке дей­iн), өн­дiрiстiк оқу жөнiн­де­гi аға ше­бер және ше­бер, кү­зет және тәр­тiп жөнiн­де­гi аға ин­спек­тор және ин­спек­тор, оқу-тех­ни­ка­лық ка­би­нет мең­ге­ру­шiсi, пси­хо­лог, аудар­ма­шы ла­у­а­зы­мын­да­ғы жұ­мысы (қыз­метi)

Қолданыстағы