Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств по городу Шымкент
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств по городу Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 27.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2022 164132_558144.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22E0026667
- ЭКБ идентификаторы
- 164132
- Редакция идентификаторы
- 164132_558144
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:37
0 Шымкент қаласы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-4) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шымкент қаласы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2 2. «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны Шымкент қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқанға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Шымкент қаласы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 27 қаңтардағы
№ 140 қаулысымен
бекітілген
Шымкент қаласы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Қосымша білім беру бағыттарының түрлері
Білім алушылардың немесе тәрбиеленушілердің саны
Айына бір білім алушыға немесе тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (топ), теңге
Айына бір білім алушыға немесе тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (жеке), теңге
Айына бір білім алушыға немесе тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар), теңге
1
Көркем
6137
14 349
-
46 078
2
Ғылыми-техникалық
2133
14 349
-
46 078
3
Көркемдік және эстетикалық
3552
14 349
-
46 078
4
Туристік-өлкетану және экологиялық
1965
14 349
-
46 078
5
Музыкалық-аспаптық
6327
14 349
39 156
46 078
6
Әлеуметтік педагогикалық
3510
14 349
-
46 078
7
Дене шынықтыру-спорттық
2129
15 150
-
46 078
Барлығы
25 753