Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан

Бұйрық · № ҚР ДСМ-7 · қабылданған 28.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164213/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-7 ·28.01.2022
28.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-7 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-7
Қабылданған күні
28.01.2022
Көрсетілген редакция
28.01.2022 164213_559568.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026700
ЭКБ идентификаторы
164213
Редакция идентификаторы
164213_559568
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:36

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ ҚР ДСМ-7 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің,
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Туберкулез ұйымдары қала маңы аймағында немесе шеткері аудандарда, мүмкіндігінше жасыл алқаптарда, сеитебтік аумақтан алшақтықты сақтай отырып орналастырылады.».

2 Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптердің тізімі

2. «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарында, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемінде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­мет­кер­ле­рі
Флю­о­ро­гра­фия
Флю­о­ро­гра­фия
Әр­бір 12 ай сай­ын
Гель­минт жұ­мырт­қа­ла­ры­на, ме­рез­ге, ди­зен­те­рия, саль­мо­нел­лез, іш сүзе­гі, А және В па­ра­тиф­те­рі, па­то­ген­ді ста­фи­ло­кокк қоз­дыр­ғы­шта­рын та­сы­мал­да­у­шы­лық­қа зерт­теп-қа­рау
Гель­минт жұ­мырт­қа­ла­ры­на, ди­зен­те­рия, саль­мо­нел­лез, іш сүзе­гі, А және В па­ра­тиф­те­рі, па­то­ген­ді ста­фи­ло­кокк қоз­дыр­ғы­шта­рын та­сы­мал­да­у­шы­лық­қа зерт­теп-қа­рау
Әр 6 ай сай­ын
2.
Та­мақ өнер­к­ә­сі­бі және азық-тү­лік са­уда объ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­мет­кер­ле­рі, азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын та­сы­мал­да­у­мен ай­на­лы­са­тын тұ­лға­лар
Флю­о­ро­гра­фия, гель­минт жұ­мырт­қа­ла­ры­на, ме­рез­ге, ди­зен­те­рия, саль­мо­нел­лез, іш сүзе­гі, А және В па­ра­тиф­те­рі, па­то­ген­ді ста­фи­ло­кокк қоз­дыр­ғы­шта­рын та­сы­мал­да­у­шы­лық­қа зерт­теп-қа­рау
Флю­о­ро­гра­фия, гель­минт жұ­мырт­қа­ла­ры­на, ди­зен­те­рия, саль­мо­нел­лез, іш сүзе­гі, А және В па­ра­тиф­те­рі, па­то­ген­ді ста­фи­ло­кокк қоз­дыр­ғы­шта­рын та­сы­мал­да­у­шы­лық­қа зерт­теп-қа­рау
Әр­бір 12 ай сай­ын
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігінде және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«11. Мерзімдік тексеріп-қарауларды өткізу кезеңділігі:
1) жыл сайынғы мерзімдік қарап-тексеру – жылына 1 рет;
2) ауысым алдындағы медициналық куәландыру – жұмыс ауысымы басталардан 1 сағат ішінде;
3) рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеру – рейс басталардан 30 минут ішінде және рейс аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде.»;
мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
«36-1. Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі қарап-тексерулер осы Қағидаларға 4-1-қосымшаның 1 және 2-кестелерінде келтірілген ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін кәсіптер тізіміне және рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруді талап ететін кәсіптер тізіміне сәйкес жүргізіледі.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакциядағы 4-1-қосымшамен толықтырылсын.
бұйрыққа
қосымша
Міндетті медициналық қарап-
тексерулерді жүргізу қағидалары
мен мерзімділігі және «Алдын
ала міндетті медициналық қарап-
тексерулерден өткізу» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-1-қосымша
1-кесте
Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап
ететін кәсіптердің тізімі

Кә­сіп
Қа­рап-тек­се­ру ке­зең­ді­лі­гі
1
2
3
1.
тех­но­ло­ги­я­лық цех­тар­дың (по­ли­ме­ри­за­ция, ди­стил­ля­ция, ка­та­ли­за­тор­лар өн­ді­рі­сі, по­ли­про­пи­лен­ді түй­ір­шік­теу, же­лім дай­ын­дау) ап­па­рат­шы­ла­ры
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
2.
си­рек кез­де­се­тін эле­мент­тер­ді бө­лу, ком­прес­сор­лық қон­дыр­ғы­лар бой­ын­ша ап­па­рат­шы­лар-гид­ро­ме­тал­лург­тар
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
3.
жо­ла­у­шы­лар по­е­зы­ның бри­га­да­сы (по­езд ба­стығы, жол­се­рік­тер, по­езд электр­ме­ха­ни­гі)
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
4.
өн­ді­ру және қаз­ба жүр­гі­зу бри­га­да­ла­ры­ның бри­га­дир­ле­рі мен же­тек­ші­ле­рі
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
5.
жа­ру­шы­лар
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
6.
қы­сым­мен жұ­мыс іс­тей­тін тү­тіктер­ге қыз­мет көр­се­те­тін вул­ка­ни­за­тор­лар
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
7.
сүң­гу­ір­лер
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
8.
дез­ак­ти­ва­тор­лар, до­зи­мет­ри­стер
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
9.
әуе және те­мір­жол қоз­ға­лы­сы және мет­ро­по­ли­тен ұй­ым­да­ры­ның дис­пет­чер­ле­рі
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
10.
аф­фи­наж өн­ді­рі­сі ше­бер­ле­рі
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
11.
азот-от­тек стан­ци­я­сы­ның ма­ши­ни­сте­рі
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
12.
бұр­ғы қон­дыр­ғы­ла­ры ма­ши­ни­сте­рі мен ма­ши­нист кө­мек­ші­ле­рі
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
13.
мұ­на­ра­лы, төрт­та­ған­ды, кө­пір, шы­н­жыр та­бан­ды, ав­то­мо­биль, те­мір жол, порт және жү­зу кран­да­ры­ның ма­ши­ни­сте­рі мен ма­ши­ни­стер­дің кө­мек­ші­ле­рі
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
14.
ло­ко­мо­тив­тер (элек­тро­воз­дар, теп­ло­воз­дар, ди­зель және электр по­ез­да­ры) ма­ши­ни­сте­рі мен ма­ши­ни­стер­дің кө­мек­ші­ле­рі; ло­ко­мо­тив­тік бри­га­да­лар­дың, оның ішін­де мет­ро­по­ли­тен элек­тро­по­ез­да­ры­ның жұ­мыс­кер­ле­рі
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
15.
жол ма­ши­на­ла­ры­ның ма­ши­ни­сте­рі және ма­ши­ни­ст­тің кө­мек­ші­ле­рі, дре­зи­на, мо­то­воз­дар, ав­то­мот­ри­стер және оның ішін­де ар­найы өзді­гі­нен жү­ре­тін жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ның жүр­гі­зу­ші­ле­рі және жүр­гі­зу­ші­лер­дің кө­мек­ші­ле­рі
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
16.
өн­ді­ру және қаз­ба жүр­гі­зу ком­байн­да­ры­ның ма­ши­ни­сте­рі
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
17.
қа­зан­дық­тар ма­ши­ни­сте­рі, опе­ра­тор­ла­ры (жұ­мыс қы­сы­мы 0,07 ме­га­пас­каль - бір шар­шы сан­ти­метр­ге 0,7 ки­ло­грамм-күш бо­ла­тын қа­зан­дық­тар)
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
18.
кө­тер­гіш­тер­дің ма­ши­ни­сте­рі, экс­ка­ва­тор­лар­дың, дің­гек­ті кө­тер­гіш­тер­дің, шприц­ма­ши­на­лар­дың ма­ши­ни­сте­рі­нің кө­мек­ші­ле­рі, ком­прес­сор­лық қон­дыр­ғы­лар­дың опе­ра­тор­ла­ры, от­те­гі бал­лон­да­рын тол­ты­ру­шы­лар
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
19.
шлюз вах­та­ла­ры­ның және ба­қы­ла­у­шы­лар бри­га­да­лы­ры­ның ба­стық­та­ры, аға ба­қы­ла­у­шы­лар мен ба­қы­ла­у­шы­лар, қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі­нің жүр­гі­зу­ші ма­ман­да­ры
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
20.
ұң­ғы­ма­лар­ды же­ра­с­ты жөн­деу жө­нін­де­гі және бұр­ғы­лау мұ­най өн­ді­ру, қа­бат қы­сы­мын ұстау, дай­ын­дау және ай­дау жұ­мыста­рын жүр­гі­зу құқы­ғы бар опе­ра­тор­лар, ар­найы су та­за­лау мен ре­ак­тор­лы қон­дыр­ғы­лар­дың аға ше­бер­ле­рі
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
21.
атом ре­ак­то­рын зерт­теу, ре­ак­тор­дың жұ­мысы және тоқ­тау жұ­мыста­ры­на дай­ын­дық ке­зе­ңін­де­гі бри­га­да­лар­дың пер­со­на­лы (жо­ба­ның бас ин­же­не­рі, ауы­сым ба­стығы, бас­қа­ру ин­же­не­рі, ин­же­нер фи­зик, ин­же­нер тех­но­лог, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры ин­же­не­рі, қор­ғауды бас­қа­ру жүй­е­сі­нің ин­же­не­рі, ин­же­нер элек­трик, ке­зек­ші ме­ха­ник, элек­трик, сле­сарь-жөн­де­у­ші және до­зи­мет­рист, бар­лық кә­сіп­тер бой­ын­ша ста­жер­лар, жұ­мысқа қа­ты­са­тын бас­қа да кә­сіп­тер)
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
22.
220 Вольт және одан да жо­ға­ры кер­не­улі қол­да­ны­с­та­ғы электр құ­ры­л­ғы­лар­ға қыз­мет көр­се­те­тін, олар­ды же­дел іс­ке қо­су және бап­тау, мон­таж­дау жұ­мыста­рын және осы электр құ­ры­л­ғы­ла­рын­да жо­ға­ры вольт­ты сы­нақ­тар өт­кі­зе­тін пер­со­нал
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
23.
яд­ро­лық қа­уіп­ті учас­ке­лер­де яд­ро­лық қа­уіп­ті бө­лі­не­тін ма­те­ри­ал­дар­мен жұ­мысты ті­ке­лей орын­дай­тын бас­шы­лар, ма­ман­дар мен жұ­мыс­кер­лер
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
24.
азот-от­тек стан­ци­я­ла­ры­ның, ар­найы су та­за­лау ауы­сым­да­ры­ның ше­бер­ле­рі
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
25.
ба­ған­ға шы­ға­тын және адам­ды кө­тер­гіш­тің тұт­қа­сын ұстай­тын адам­дар
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
26.
атыс қа­руын ұста­у­ға және олар­ды қол­да­ну­ға рұқ­сат еті­л­ген ат­қы­штар (ве­дом­ство­лық кү­зет­те­гі жұ­мыс­кер­лер)
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
27.
әуе ке­ме­ле­рі­нің эки­паж­да­ры (ұш­қы­штар, борт­ин­же­нер­лер, борт­се­рік­тер) борт­ме­ха­ник­тер, борт­ра­ди­стер, штур­ман­дар, бор­то­пе­ра­тор­лар, борт­се­рік­тер, әу­ес­қой ұш­қы­штар)
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
28.
әуе ке­ме­ле­ріне, аэро­дром­дар­ға және авиа­жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­те­тін жұ­мыстар­ды ат­қа­ра­тын аэро­порт жұ­мыс­кер­ле­рі (авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті, ин­же­нер­лік-авиа­ци­я­лық қыз­мет, аэро­дром қыз­ме­ті, жо­ла­у­шы­лар және жүк та­сы­ма­лын ұй­ым­да­сты­ру қыз­ме­ті, авиа жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­ры қыз­ме­ті, аэро­порт­тың дис­пет­чер қыз­ме­ті
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
29.
өзен және те­ңіз ке­ме­ле­рі­нің эки­паж­да­ры (ка­пи­тан­дар мен оның кө­мек­ші­ле­рі, штур­ман­дар, ме­ха­ник­тер, мат­ро­стар, элек­трик­тер, ра­дио ма­ман­да­ры)
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
30.
мет­ро­по­ли­тен­нің құ­ры­лы­сы және оны пай­да­ла­ну ке­зін­де бар­лық же­ра­с­ты жұ­мысы­ның түр­ле­рін ат­қа­ра­тын жұ­мыс­кер­лер (мет­ро­по­ли­тен­нің қаз­ба жүр­гі­зу ком­байн­да­ры­ның ма­ши­ни­сте­рі, тау-кен ше­бе­рі, тау-кен жұ­мыс­шы­сы, қа­зу­шы, эс­ка­ла­тор­ға қыз­мет көр­се­те­тін жұ­мыс­шы­лар, ба­ған­ға шы­ға­тын және адам­ды кө­тер­гіш­тің тұт­қа­сын ұстай­тын адам­дар, жол жөн­де­у­ші­лер, ра­дио ма­ман­да­ры)
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
31.
ва­гон­ды тек­се­ру­ші­лер, ва­гон қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғын рет­те­у­ші­лер, по­езд құ­ра­с­ты­ру­шы­лар және құ­ра­с­ты­ру­шы­лар­дың кө­мек­ші­ле­рі, құ­ю­шы­лар, шах­тер­лар
жұ­мыс ауы­сы­мы­ның ал­дын­да 1 са­ғат ішін­де
2 кесте
Рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруді талап ететін кәсіптердің тізімі

Кә­сіп
Тек­се­ру ке­зең­ді­лі­гі
1
2
3
1.
жо­ла­у­шы­лар­ды, ба­гаж­ды, жүк­тер­ді, оның ішін­де қа­уіп­ті жүк­тер­ді тұ­рақ­ты және тұ­рақ­ты емес та­сы­мал­дау марш­рут­та­рын­да жұ­мыс іс­тей­тін кө­лік құ­рал­да­ры­ның жүр­гі­зу­ші­ле­рі
рейс ба­ста­лар ал­дын­да 30 ми­нут ішін­де және рейс аяқ­тал­ған­нан кей­ін 30 ми­нут ішін­де

Қолданыстағы