Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по городу Нур-Султан

Қаулы · № 506-209 · қабылданған 01.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164251/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по городу Нур-Султан Күшін жойған Қаулы ·№ 506-209 ·01.02.2022
05.01.2025 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по городу Нур-Султан

Күшін жойған Қаулы ·№ 506-209 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по городу Нур-Султан
Атауы (қаз.)
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
506-209
Қабылданған күні
01.02.2022
Көрсетілген редакция
05.01.2025 164251_741273.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22A0026721
ЭКБ идентификаторы
164251
Редакция идентификаторы
164251_741273
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:36

0 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық

ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық
саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің
құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының 4-1) тармағына, «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

2 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 1 ақпандағы
№ 506-209 Қаулысымен
бекітілген
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

1

1. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

2

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі бойынша базалық бағаны осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес айқындалады.

3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;
Bn – газетте орналастырылатын бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, см2 - мен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;

2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;
Bm – журналда орналастырылатын бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – см2 есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.

4 4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.

5 5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

6 6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі

1.1 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің
құнын айқындау әдістемесіне
қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы

Қыз­мет­тің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
2022 жыл (тең­ге)
2023 жыл (тең­ге)
2024 жыл және ал­да­ғы жыл­дар (тең­ге)
1
2
3
4
5
6
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ла­тын бас­па ба­сы­лы­мын­да­ғы (га­зет) қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды (ма­қа­ла/сұх­бат, тал­дау, лон­грид, фо­то­ре­пор­таж, жур­на­ли­стік зерт­теу, очерк, са­рап­шы­лық ком­мен­та­рий, ин­фо­гра­фи­ка/ кол­лаж, фо­то) әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Bn)
шар­шы сан­ти­метр
577
606
636
2.
Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ла­тын бас­па ба­сы­лы­мын­да­ғы (га­зет) қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды (ма­қа­ла/сұх­бат, тал­дау, лон­грид, фо­то­ре­пор­таж, жур­на­ли­стік зерт­теу, очерк, са­рап­шы­лық ком­мен­та­рий, ин­фо­гра­фи­ка/ кол­лаж, фо­то) әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Bn)
шар­шы сан­ти­метр
303
318
334
3.
Бас­па ба­сы­лы­мын­да­ғы (жур­нал) қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды (ре­пор­таж, сұх­бат, ма­қа­ла, шо­лу, очерк, ло­го­тип ор­на­лас­қан ар­найы ай­дар, ин­фо­гра­фи­ка/кол­лаж, фо­то) әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Bn)
шар­шы сан­ти­метр
213
224
235
4.
Ин­тер­нет-ре­сур­с­та­ғы қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Bi)
сим­вол
74
78
82
5.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ла­тын те­ле­ар­на­да­ғы қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал (жа­ңа­лық­тар сю­же­ті) әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
ми­нут
186 300
195 615
205 395
6.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ла­тын те­ле­ар­на­да­ғы қыз­мет (де­ректі фильм әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Btv)
ми­нут
187 500
196 875
206 718
7.
Ра­дио­ар­на­да­ғы қыз­мет (ақ­па­рат­тық бағ­дар­ла­ма­ны әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Br)
ми­нут
10 600
11 130
11 687
8.
Ра­дио­ар­на­да­ғы қыз­мет (аудио­ро­лик­ті әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Br)
се­кунд
191
200
211

Қолданыстағы