О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
№ 48
19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 02.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2023 164269_622086.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000048
- ЭКБ идентификаторы
- 164269
- Редакция идентификаторы
- 164269_622086
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:35
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде:
3-бөлімде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».