Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Семей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Семей
- Атауы (қаз.)
- Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21/154-VII
- Қабылданған күні
- 31.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2024 164299_751195.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VB026712
- ЭКБ идентификаторы
- 164299
- Редакция идентификаторы
- 164299_751195
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:55
0 Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Семей қаласы мәслихатының мына:
«Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 27/139-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3216 болып тіркелген);
«Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы № 27/139-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы 5 қазандағы № 6/48-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4723 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Семей қаласының мәслихаты
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 21/154-VII
Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және
жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті
Есептік бірлік
1 есептік бірлікке арналған жылдық норма
м3
1.
Үй иеліктері:
қолайлы жабдықталғандар
қолайлы жабдықталмағандар
1 тұрғын
2,13
2,48
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да ұқсас объектілер
1 орын
1,4
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,8
4
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
1 орын
0,23
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
1,27
6
Емханалар, медициналық орталықтар
1 келіп кету
0,0025
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1,22
8
Мектептер және басқа да оқу орындары
1 оқушы
0,17
9
Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
1,6
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
1 отыратын орын
0,21
11
Мұражайлар, көрмелер
жалпы алаңның
1 м2
0,06
12
Стадиондар, спорт алаңдары
жоба бойынша
1 орын
0,008
13
Спорт, би және ойын залдары
жалпы алаңның
1 м2
0,1
14
Азық-түлік және өнеркәсіп тауар дүкендері, аралас дүкендер
сауда алаңының 1 м2
0,89
15
Машиналардан сату
сауда орнының
1 м2
2,61
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
сауда алаңының 1 м2
0,18
17
Өнеркәсіп, азық-түлік, тауарларының көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңның
1 м2
0,18
18
Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету
жалпы алаңның
1 м2
0,14
19
Бекеттер, автобекеттер, әуежайлар
жалпы алаңның
1 м2
0,54
20
Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы
жалпы алаңның
1 м2
0,13
21
Дәріханалар
сауда алаңының 1 м2
0,35
22
Автотұрақтар, автомобиль жуу орындары, АЖҚС
1 машина-орын
3,65
23
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,3
24
Көлікжай кооперативтері, көлікжайлар, паркингтер
1 көлікжайға
1,04
25
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
2,67
26
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательелері
жалпы алаңның
1 м2
0,54
27
Зергерлік, аяқ киім, сағат жөндеу шеберханалары
жалпы алаңның
1 м2
1,11
28
Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және басқада қызметтер).
1 жұмыс орны
5,61
29
Моншалар, сауналар
жалпы алаңның
1 м2
0,18
30
Қала аумағындағы заңгерлік, көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушы ұйымдар, парктегі қалдықтар
1000 қатысушы
0,16
31
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
0,46