Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Каратальском районе

Өзге акт · № 23-62 · қабылданған 28.01.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164310/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Каратальском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 23-62 ·28.01.2022
22.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Каратальском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 23-62 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Каратальском районе
Атауы (қаз.)
Қаратал ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23-62
Қабылданған күні
28.01.2022
Көрсетілген редакция
22.11.2023 I164310_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22DL026741
ЭКБ идентификаторы
164310
Редакция идентификаторы
I164310_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:37

0 Қаратал ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қаратал ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Қаратал аудандық мәслихатының «Қаратал ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2016 жылғы 03 ақпанындағы № 57-238 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3736 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қаратал аудандық мәслихатының

2022 жылғы 28 қаңтардағы № 23-62
шешіміне қосымша
Қаратал ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
1.Осы Қаратал ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (әрі қарай- қағидалары) сәйкес әзірленді.

2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
3.Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу ( толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.

4. Шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап облыстық психологиялық - дәрігерлік - педогогикалық кеңес беру мекемесінің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі.

5. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға және порталға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

6. Шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедек баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

7.Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.

8. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әрбір мүгедек балаға тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.

9. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен беріледі және уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың тағайындалған тоқсанның соңғы айындағы жеке шоттарына жүзеге асырады.

10. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы