Құжат мәтініне өту

Об отмене некоторых приказов исполняющей обязанности ответственного секретаря и руководителя аппарата Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Бұйрық · № 531 · қабылданған 31.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164336/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об отмене некоторых приказов исполняющей обязанности ответственного секретаря и руководителя аппарата Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 531 ·31.12.2021
31.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об отмене некоторых приказов исполняющей обязанности ответственного секретаря и руководителя аппарата Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 531 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об отмене некоторых приказов исполняющей обязанности ответственного секретаря и руководителя аппарата Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушысының және аппарат басшысының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
531
Қабылданған күні
31.12.2021
Көрсетілген редакция
31.12.2021 164336_560207.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21G0000531
ЭКБ идентификаторы
164336
Редакция идентификаторы
164336_560207
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:53

0 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушысының және аппарат басшысының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мынадай бұйрықтардың:

1

1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 514 бұйрығының;

2

2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппарат басшысының 2021 жылғы 8 ақпандағы № 32 бұйрығының;

3

3) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты хатшысы міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппарат басшысының 2021 жылғы 25 тамыздағы № 306 бұйрығының күші жойылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадр қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы