Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан

Заң · № 106-VII · қабылданған 07.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164356/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан Қолданыста Заң ·№ 106-VII ·07.02.2022
07.02.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан

Қолданыста Заң ·№ 106-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
106-VII
Қабылданған күні
07.02.2022
Көрсетілген редакция
07.02.2022 164356_559859.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2200000106
ЭКБ идентификаторы
164356
Редакция идентификаторы
164356_559859
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:32

0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:

1 1. «Саяси партиялар туралы» 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Саяси партиядан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну ерекшеліктері
1. Саяси партия Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде үш санат өкілдерін: әйелдерді, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды енгізеді.
2. Саяси партия мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіткен кезде оларға кандидаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызы көлемінде әйелдерді және жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдарды енгізеді.».

2 2. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяның Төрағасы болып табылады.».

3 3. «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1 1) 1-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы болып табылады.
3. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті қалыптастырады.»;

2 2) 4-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

3 3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты
1. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін жұмыс органы болып табылады, оның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі.
2. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін, олардың шешімдерінің сөзсіз және түпкілікті орындалуын, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге құқылы.».

2 2-бап. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының күші осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тағайындалған сайлауды өткізуге байланысты туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

3 3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы