Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан

Заң · № 105-VII · қабылданған 07.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164362/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан Қолданыста Заң ·№ 105-VII ·07.02.2022
07.02.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан

Қолданыста Заң ·№ 105-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
105-VII
Қабылданған күні
07.02.2022
Көрсетілген редакция
07.02.2022 164362_560011.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2200000105
ЭКБ идентификаторы
164362
Редакция идентификаторы
164362_560011
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:32

0 Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық

заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

1 1) 89-бапта:

3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кандидаттар – мүгедектігі бар адамдар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамаларды қосымша ұсынады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.»;

2 2) 97-1-бапта:

5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Депутаттық мандаттарды бөлген кезде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың саны партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы баптың 5-тармағы үшінші бөлігінің талаптары сақталуға тиіс.».

2 2. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

6 1-бапта:

бесінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының алдында, Республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.»;
алтыншы бөлік алып тасталсын.

2 2-бап. Осы Конституциялық заңның 1-бабы 1-тармағының күші осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін тағайындалған сайлауды өткізуге байланысты туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

3 3-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы