Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Костанайской области

Қаулы · № 51 · қабылданған 08.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164371/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Костанайской области Күшін жойған Қаулы ·№ 51 ·08.02.2022
14.01.2025 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Костанайской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 51 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
08.02.2022
Көрсетілген редакция
14.01.2025 164371_741513.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22N0026760
ЭКБ идентификаторы
164371
Редакция идентификаторы
164371_741513
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:32

0 Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

7 Қостанай облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

Қостанай облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ 51 қаулысымен
бекітілген
Қостанай облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

1

1. Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

2

2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.

3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарында Көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі Көрсетілетін қызмет құны;
Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен Көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын шаршы сантиметрмен есептелетін Көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;

2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, мұнда:

Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы Көрстетілетін қызмет құны;
Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен Көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын Көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.

4 4. Интернет-ресурстағы Көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы Көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын Көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста Көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.

5 5. Телевизияда Көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы Көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевизияда Көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевизияда Көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде Көрсетілетін қызметте телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды Көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

6 Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

6. Радиоарнадағы Көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы Көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада Көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада Көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Қостанай облысының аумағындағы
бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне
қосымша
Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

Қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
2022 жыл (теңге)
2023 жыл
(теңге)
2024 және кейінгі жылдар
(теңге)
1
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)
шаршы сантиметр
1333
1386
1441
2
Қостанай облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)
шаршы сантиметр
208
216
225
3
Интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi)
символ
145
151
157
4
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттерді өндіру және орналастыру) (Вtv)
минут
250 000
260000
270400
5
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)
минут
25 745
26 775
27 846
6
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (телебағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Вtv)
минут
16 546
17 208
17896
7
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (балалар телебағдарламаларын өндіру және орналастыру) (Вtv)
минут
16 664
17 331
18 024
8
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (білім беру телебағдарламаларын өндіру және орналастыру) (Вtv)
минут
18 599
19 343
20 117
9
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді орналастыру) (Вtv)
минут
13 016
13 537
14 078
10
Рудный қаласының аумағында міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телеарналардың тізбесіне кірмейтін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)
минут
5 615
5 840
6 074
11
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Арқалық қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру). радиоарналар (Вtv)
минут
2 000
2 080
2 163
12
Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Лисаков қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда қызмет көрсету (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)
минут
2 750
2 860
2 974
13
Жітіқара ауданының аумағында міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телеарналардың тізбесіне кірмейтін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)
минут
1 500
1 560
1 622
14
Қостанай облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (радиобағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
4 185
4 352
4526
15
Қостанай облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Br)
минут
8 773
9124
9 488
16
Қостанай облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (аудиороликтарды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
8 773
9 124
9 488
17
Қостанай қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
524
545
567
18
Рудный қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
481
500
520
19
Лисаков қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
1 575
1 638
1 704
20
Жітіқара ауданының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)
минут
200
208
216

Қолданыстағы