Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии

Бұйрық · № 38 · қабылданған 04.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164375/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии Қолданыста Бұйрық ·№ 38 ·04.02.2022
23.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии

Қолданыста Бұйрық ·№ 38 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38
Қабылданған күні
04.02.2022
Көрсетілген редакция
23.09.2025 164375_783845.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026752
ЭКБ идентификаторы
164375
Редакция идентификаторы
164375_783845
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:34

0 Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы
_____________ С. Жұманғарин
2021 жылғы «____» ___________

0 Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 4 ақпандағы
№ 38 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық
тұрғыдан байланысты көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі
№ р/с
Қызмет түрінің атауы
«Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
1.
Білім мазмұнын бағалау, оқулықтарды, электрондық оқу басылымдарын әзірлеу және сапасын бағалау технологияларын әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
2.
Пилоттық орта білім беру ұйымдарында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуді ұйымдастыру және оларды оқу процесінде пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
3.
«Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесіне енгізілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқулықтарының, оқу-әдістемелік кешендерінің сапасына мониторинг ұйымдастыру және жүргізу, олардың мазмұнын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
4.
Орта білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру.
5.
Сарапшылар базасына енгізу мақсатында ғалымдар мен педагогтер үшін оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізу.
6.
Сараптама жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды, ұсынымдарды, ережелерді дайындау және бекіту.
7.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­на, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гіне, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гіне, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның про­ку­ра­ту­ра ор­ган­да­ры­на және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гіне ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты әс­ке­ри, ар­на­у­лы оқу орын­да­рын қо­с­па­ған­да, мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту­дың, ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім­нің үл­гі­лік оқу жос­пар­ла­рын, үл­гі­лік оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын, мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту­дың, ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры пе­да­гог­те­рі­нің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры­ның бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын, ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на ар­нал­ған ва­ри­а­тив­тік кур­стар­дың оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын, тәр­бие және мек­теп­тен тыс жұ­мыс бағ­дар­ла­ма­ла­рын са­рап­та­ма­лық тал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру.
8.
Пилоттық мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сынақтан өткізуді ұйымдастыру және оларды оқу процесінде пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
9.
«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде салынған мектептерді басқару (оқу-тәрбие процесін әдіснамалық және мазмұнды сүйемелдеу, оның ішінде оны цифрландыру, басшылар лауазымына конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы, білім беру қызметін зерделеу және талдау, білім алушылардың оқу жетістіктерін қорытынды бағалау және мониторингтеу, мектептерді аккредиттеуді ұйымдастыру).
10.
Білім беру және пәнаралық ғылымдар саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, оның ішінде мониторингтік зерттеулерді, сондай-ақ білім беру және ғылым жүйесінің жай-күйі мен дамуын талдау.
11.
Білім және ғылым саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асыруда ғылыми-әдістемелік кеңес беру.
12.
Орта білім беру саласында қосымша білім беру бағдарламаларының, ғылыми-әдістемелік кешендердің жобаларын, тәрбие, оқыту және оқыту технологияларын, оқу жоспарларын, бағдарламаларды, оның ішінде оқулықтар авторларын оқыту мен әдіскерлердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік өнімдердің басқа да түрлерін әзірлеу.
13.
Шетелдік білім және ғылым мекемелерін, зерттеу агенттіктері мен қорларын қоса алғанда, ғылыми-зерттеу орталықтары мен басқа да ұйымдардың мемлекеттік білім беру саясатын, білім және ғылым саласындағы Халықаралық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда конференциялар ұйымдастыру.
14.
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесіне цифрлық білім беру технологияларын енгізу бойынша ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік ресурстарды әзірлеу.
15.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлеріндегі өңірлік әдістемелік орталықтарды (кабинеттерді) қоса алғанда, білім беру мекемелерінің қызметін реттеу
16.
Білім берудің әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етілуі мен оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын талқылау және түсіндіру бойынша ғылыми-білім беру және оқу іс-шараларын (конференциялар, форумдар, семинарлар, курстар) өткізу.
17.
Ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу, шығару және тарату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет.

Қолданыстағы