Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области

Қаулы · № 27 · қабылданған 09.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164425/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области Күшін жойған Қаулы ·№ 27 ·09.02.2022
19.09.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 27 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27
Қабылданған күні
09.02.2022
Көрсетілген редакция
19.09.2024 164425_724073.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22C0026768
ЭКБ идентификаторы
164425
Редакция идентификаторы
164425_724073
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:32

0 Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

2 2. «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 27 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

1

1. Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

2

2. Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.

3 3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pn (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;
Bn - газетте орналастырылатын көрсетілетін қызметтің базалық бағасы бір шаршы сантиметр;
V - газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq - газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін - 1,3;
100 000 данаға дейін - 1,15;
50 000 данаға дейін - 1;
30 000 данаға дейін - 0,9;
20 000 данаға дейін - 0,8;
10 000 данаға дейін - 0,65;
5 000 данаға дейін - 0,5;

2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

Pm (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;
Bm - журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет үшін базалық бағасы бір шаршы сантиметр;
V - шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq - журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін - 1,2;
10 000 данаға дейін - 1,1;
8 000 данаға дейін - 1;
5 000 данаға дейін - 0,9;
3 000 данаға дейін - 0,8;
1 000 данаға дейін - 0,7.

4 4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pi (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi - интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;
V - интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің таңбалармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq - бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін - 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін - 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін - 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін - 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам болса - 1,4.

5 5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Ptv (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;
Btv - телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V - телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

6 6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

Pr (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;
Br - радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;
V - радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

14 Ақтөбе облысының аумағындағы

бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің құнын
айқындау Әдістемесіне қосымша
Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

Көрсетілетін қызметтің атауы
Өл­шем
бір­лі­гі
2022 жыл
(тең­ге)
2023 жыл
(тең­ге)
2024 және
одан кей­ін­гі
жыл­дар
(тең­ге)
1
Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шар­шы сан­ти­метр
600
630
662
2
Ақтөбе облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шар­шы сан­ти­метр
185
194
204
3
Ақтөбе облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm)
шар­шы сан­ти­метр
257
270
284
4
Ақтөбе облысының аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)
шар­шы сан­ти­метр
100
105
110
5
Интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi)
таң­ба
85
89
93
6
Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv)
ми­нут
391 563
411 141
431 698
7
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтөбе облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (Btv)
ми­нут
14 700
15 435
16 206
8
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтөбе облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv)
ми­нут
42 000
44 100
46 305
9
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтөбе облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Btv)
се­кунд
4 311
4 526
4 752
10
Ақтөбе облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Br)
ми­нут
5 845
6 137
6 444

Қолданыстағы