О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О международных договорах Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О международных договорах Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107-VII
- Қабылданған күні
- 14.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2022 164475_560297.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2200000107
- ЭКБ идентификаторы
- 164475
- Редакция идентификаторы
- 164475_560297
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:29
0 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1 1-бап. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дәйектеу – халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде қолданылатын, халықаралық шарт жобасының келісілген мәтінінде келіссөздерге қатысушы әрбір тараптың өкілетті өкілдерінің аты-жөндерін әр параққа қою;»;
8) тармақша «халықаралық шартты» деген сөздердің алдынан «мәтіннің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшаның бесінші абзацы «тапсырылатын» деген сөзден кейін «немесе дипломатиялық арналар арқылы жіберілетін» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) халықаралық шарт жасасу – реттілік тәртіппен жүзеге асырылатын, халықаралық шарттың мәтінін қабылдау, халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау және Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі, не Қазақстан Республикасы халықаралық шартқа қосылатын жағдайда – Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі;»;