Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы
- Атауы (қаз.)
- Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 03.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2022 164509_616488.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22DO00019A
- ЭКБ идентификаторы
- 164509
- Редакция идентификаторы
- 164509_616488
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:35
0 Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7), 8)тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды,пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2016 жылы 8 шілдеде № 13898 болып тіркелді) сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 1-қосымшаға сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 2- қосымшаға сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Райымбек ауданы әкімдігі қаулыларының күшіжойылды деп танылсын:
1) «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2017 жылғы 07 ақпандағы № 25 Райымбек ауданы әкімдігінің қаулысы;
2) «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2017 жылғы 07 ақпандағы №26 Райымбек ауданы әкімдігінің қаулысы;
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлына жүктелсін.
7 Райымбек ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «___» ______________
«Пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы»
№__қаулысына 1- қосымша
Рет саны
Мекеме, кәсіпорын атауы
Белгіленген квота саны (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)
Бөлінген квота саны (адам)
1
«Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
84
2 %
2
2
Райымбек ауданы Әкімінің «аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
61
2%
1
3
Нарынқол ауылының шаруашылық жүргізу құқындағы «Аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
186
2%
4
8 Райымбек ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «___» ______________
«Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған азаматтар
үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы» №__қаулысына
2 - қосымша
Рет саны
Мекеме, кәсіпорын атауы
Белгіленген квота саны (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)
Бөлінген квота саны (адам)
1
«Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
84
2%
2
2
Райымбек ауданы Әкімінің «аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
61
2 %
1
3
Нарынқол ауылының шаруашылық жүргізу құқындағым «Аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
186
2 %
4