О переименовании улиц села Карпово сельского округа Шалғай района Бәйтерек Западно-Казахстанской области
Қолданыста
Өзге акт
·№ 4
·
31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц села Карпово сельского округа Шалғай района Бәйтерек Западно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі Карпов ауылының көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 11.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2022 164656_560890.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22ZG026859
- ЭКБ идентификаторы
- 164656
- Редакция идентификаторы
- 164656_560890
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:30
0 Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы
Шалғай ауылдық округі Карпов ауылының
көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Карпов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1 1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі Карпов ауылының көшелері:
Южная көшесін Бірлік көшесіне;
Центральная көшесін Думан көшесіне;
Целинная көшесін Береке көшесіне қайта аталсын.