Об утверждении Правил ведения государственного кадастра особо охраняемых природных территорий Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ведения государственного кадастра особо охраняемых природных территорий Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 43
- Қабылданған күні
- 21.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2024 164695_711556.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026894
- ЭКБ идентификаторы
- 164695
- Редакция идентификаторы
- 164695_711556
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:24
0 Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
1 Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 21 ақпандағы
№ 43 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Қағидалар «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі – Мемлекеттік кадастр) жүргізу тәртібін айқындайды.
2
2. Мемлекеттік кадастр Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (бұдан әрі – ЕҚТА) құқықтық мәртебесі, олардың орналасқан жері, мөлшері мен шекаралары, географиялық координаттары, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сандық және сапалық сипаттамасы, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы, қорғау режимінің түрлері, нысаналы пайдаланылуы және рұқсат етілген қызмет түрлері туралы мәліметтер жүйесін қамтиды.
3
3. Мемлекеттік кадастрды ЕҚТА жүйесін дамыту бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдалану, экологиялық желіні қалыптастыру және жерді ұтымды пайдалануды жоспарлау және биологиялық саналуандықты, бірегей табиғи ландшафттарды сақтауды ескере отырып, өңірлердің өндіргіш күштерін орналастыру мақсатында уәкілетті органның аумақтық органдары мен облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар ұсынатын мәліметтері негізінде тұрақты негізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізеді.
2 2 тарау. Мемлекеттік кадастрды жүргізу тәртібі
4 4. Мемлекеттік кадастрда республикалық кадастрлық кітап және ЕҚТА-ның кадастрлық істері болады.
5 5. Кадастрлық іс әрбір ЕҚТА-ға жеке ресімделеді және оған мыналар кіреді:
1 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдардың ЕҚТА құру туралы шешімі;
2 2) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң) ресімделген ЕҚТА паспорты;
3 3) ЕҚТА құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесі;
4 4) ЕҚТА құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
5 5) уәкілетті мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша ұсынылатын табиғи ресурстардың (жер, су, орман, жануарлар дүниесі, кен орындары мен пайдалы қазбалар көрініс-белгілерінің) мемлекеттік кадастрларында ЕҚТА-ны көрсету туралы мәліметтер;
6 6) осы ЕҚТА-да анықталған мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі.
6
6. Республикалық кадастрлық кітапта оларды қорғау режимінің түрін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдардың ЕҚТА құру туралы шешімін көрсете отырып, әрбір облыс бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған барлық ЕҚТА көрсетіледі.
Республикалық кадастрлық кітапқа енгізілетін әрбір ЕҚТА-ға кадастрлық нөмір беріледі. Тиісті ЕҚТА-ға ресімделетін кадастрлық іс осы нөмірмен сәйкестендіріледі.
7 7. Мемлекеттік кадастр ақпаратты жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалана отырып, электрондық жеткізгіштерде жүргізіледі.
8 8. Кадастрлық істерді ресімдеуді қоса алғанда, мәліметтерді өңдеуді, мемлекеттік кадастрға енгізуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
9
9. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11387 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес уәкілетті органның аумақтық органдары және облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар уәкілетті органға жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылған ЕҚТА-ға қатысты осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
10
10. Кадастрлық іс ресімделетін құжаттарға немесе мәліметтерге өзгерістер енгізілген жағдайда, мұндай өзгерістер туралы уәкілетті органның аумақтық органдары мен облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар электрондық жеткізгіштердегі тиісті құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, уәкілетті органды дереу хабардар етеді.