Құжат мәтініне өту

О Правилах предоставления жилищной помощи на оплату за содержание жилища, потребленные коммунальные услуги и услуги связи в городе Астане

Ереже · № 246-47-II · қабылданған 03.07.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-16472/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О Правилах предоставления жилищной помощи на оплату за содержание жилища, потребленные коммунальные услуги и услуги связи в городе Астане Күшін жойған Ереже ·№ 246-47-II ·03.07.2003
22.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Правилах предоставления жилищной помощи на оплату за содержание жилища, потребленные коммунальные услуги и услуги связи в городе Астане

Күшін жойған Ереже ·№ 246-47-II · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Правилах предоставления жилищной помощи на оплату за содержание жилища, потребленные коммунальные услуги и услуги связи в городе Астане
Атауы (қаз.)
Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесі туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
246-47-II
Қабылданған күні
03.07.2003
Көрсетілген редакция
22.09.2010 AI16472_12.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03A000283_
ЭКБ идентификаторы
16472
Редакция идентификаторы
AI16472_12
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:10

0 Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесі туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын, Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтем-ақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесі <*>

1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесі бекітілсін.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Келісілді:
Еңбек, халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтік қорғау
департаментінің бастығы
Қаржы департаментінің
бастығы
Астана қаласы мәслихатының
2003 жылғы 4 шiлдедегi
N 246/47-ІІ шешiмiмен
бекiтiлген
Астана қаласында тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесі <*>
Осы Қағида 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512, "Қазақстан Республикасында тұрғын үй коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулыларына сәйкес әзірленген.<*>

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Тұрғын үй көмегі Астана қаласында тұрақты тұратын (жеке тұрғын үйден басқа) тұрғын үй иесi (жалдаушысы) болып табылатын отбасыларға және жеке тұлғаларға, егер тұрғын үйдi ұстау тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтер көрсету төлемiне шығыстары осы Қағидада белгiленген нормалар мен нормативтер шегiнде жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiніш берген тоқсаннан кейiнгi тоқсандағы кiрiстер жиынтығы 10 пайыздан жоғары болса төленедi.
Тұрғын үй көмегінің көлемi осы Қағидамен белгiленген нормалар және нормативтер шегiнде тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтер меншiк иесінің (жалгердiң) деректi төлемi арасындағы айырмашылық және осы мақсатқа аталған отбасы шығындарының ұйғарынды деңгейi шегiнде есептеледi.

2 2. Тұрғын үйдi ұстау тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтер үшiн белгіленген нормалық мөлшерден артығын жалпы негiзде азаматтар өздерi төлейдi.

3

3. Тұрғын үй иесiмен (жалдаушысымен) бiрге тұратын және бiртұтас жеке есеп бойынша тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтер төлейтiн және тұрғын үй көмегін тағайындағанда отбасы құрамына жұбайы, олардың балалары, жақын туысқандары (ағалары, апалары, аталары, әжелерi, немерелерi) жұмысқа жарамсыз асыраушылары жоқтар есепке алынады.
18 жасқа дейiнгi ата-анасынан бөлек тұратын балалары ата-анасының отбасында есепке алынады. Егер ата-анасы ата-аналық құқығынан айырылса, балалар қамқоршының (асыраушылар) отбасында есептеледi.

4 4. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан себепсіз бас тартқан, өз еркiмен қоғамдық жұмысқа қатысуын, оқуын және қайта оқытуды тоқтатқан жұмыссыздар алты айға тұрғын үй көмегін алу мүмкіндігінен айырылады.

5 5. Тұрғын үй көмегін ресімдей алмайтын отбасылар:

1

1) 1 және 2 топ мүгедектерiн, 16 жасқа дейiнгi бала жасынан мүгедектердi, 80 жастан асқан адамдарды күтудi жүзеге асыратын, бiр айдан артық емханалық емделудегi адамдар, күтудi қажет ететiн 3 жасқа толмаған баласы, сонымен бiрге төрт не одан да көп баласы бар ең кiшiсiнiң жасы тоғызға толғанша балаларын тәрбиелеумен айналысатын адамдардан басқа отбасыларда бiрге тұратын еңбекке жарамды бола тұра жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қызметiнде жоқ және жұмыссыз ретiнде тiркелмеген;

2 2) ата-аналары айырылысқан бiрақ бiрге тұратын балаларына алимент төлеу жөнiнде талап етпеген;

3 3) жеке меншiгiндегi тұрғын үйi (пәтерi, үйi) бiреуден артық болса, немесе тұрғын үй алаңдарын жалға (жалдау) тапсырған.

5-1 5-1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайда осы Қағиданың 1-тармағына сәйкес тұрғын үй өтемін алуға құқылы тұлғалар мен отбасылар жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу шығындарының бөлігінде жәрдемақы алуға құқығы бар.

6 6. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiнде жергілiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерi Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы болып табылады (бұдан әрi - Басқарма).

2 2. Тұрғын үй көмегін беру тәртiбi

7 7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшiн тұлға (бұдан әрі - өтiнiш иесi) өз атынан немесе отбасы атынан Басқармаға хабарласады және белгіленген үлгідегi өтiніштің ресми қағазын алады (осы Қағидаға 1-қосымша).

8 8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішке мынадай құжаттар тіркелді (түпнұсқалар мен көшірмелер):

1 1) тұрғын үйдің меншік иесімен (жалдаушы) бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке басын растайтын құжаттары;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органымен берілген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың болмауы (болуы) туралы анықтама;

3 3) тұрғын үйге құқық беретін құжат (жекешелендіру шарты, сыйға беру шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.);

4 4) азаматтарды тіркеу кітабы;

5 5) некеге тұру немесе бұзу туралы куәлік;

6 6) отбасы кірістері туралы мәлімет;

7 7) еңбек қызметін растайтын құжаттар;

8 8) АХАЖ органынан (жалғыз басты аналар үшін) N 4 нысандағы анықтама;

9 9) тұрғын үй көмегін тағайындауға хабарласқан алдындағы айға тұрғын үйді ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемінің, ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері төлемдер туралы мәлімет.

8-1 8-1. Жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу шығындарының бөлігінде тұрғын үй өтеміне құқығы бар тұлғалар мен отбасылар осы Қағиданың 8-тармағында қарастырылған құжаттардан басқа мыналарды:

1 1) жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу жүргізуге мақсатты алымды төлеу жөніндегі түбіртегі;

2 2) жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдар мен тұрғын үй иесінің кооперативімен тұрғын үй иесі арасындағы жасалған жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу жүргізуге шарттың көшірмесін;

3 3) жалпы мүлік кондоминиумын күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесін ұсынады.

9 9. Тұрғын үй көмегі көмекке құқық туған айдан кейiн барлық құжаттарымен хабарласқан айдың алдыңғы айдан тағайындалады.

10

10. Тұрғын үйдi ұстауға және/немесе коммуналдық қызметтердi тұтынуға төлемдер бойынша қарызы бар отбасыларға осы Қағиданың 1-тармағына сәйкес тұрғын үй көмегі тағайындалған айдан тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері ағымдағы төлемдердi уақтылы төлеу жағдайында тұрғын үй көмегі тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейiн құралған тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері төлемдер бойынша қарыздарды өтеу коммуналдық қызметтер жабдықтаушысымен бақыланады және ағымдағы айларға тұрғын үй көмегін есептегенде есепке  алынбайды.

11 11. Тұрғын үй көмегін алушылардың қайта тіркелуі бiрiншi рет өтiнiш бiлдiрген айдан бастап бір жыл өткеннен соң осы Қағиданың 8-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуымен жүргiзiледi.

12 12. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншік нысаны, отбасы құрамы мен оның жиынтық табысы туралы өзгерістерді, ал жұмыссыздар мәртебесінің өзгеруі туралы хабарлайды.

13 13. Басқарма берiлген құжаттардың растығын анықтау қажеттiлiгi жағдайында отбасының құрамын белгiлеу мақсатымен өтiнiш иесiнің тұрған жерiнің материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру жүргiзуге құқы бар.

3 3. Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну мөлшерлемелерi

14 14. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері коммуналдық қызметтердiң мына түрлерi есепке алынады:

1 1) электр қуаты;

2 2) сумен жабдықтау;

3 3) газбен жабдықтау;

4 4) жылумен жабдықтау;

5 5) кәріз;

6 6) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару;

7 7) лифт қызметi. <*>

15 15. Коммуналдық қызметтi жеткiзушілер коммуналдық қызмет тарифтерiн және олардың өзгерiстерiн Астана қаласы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Басқармаға ұсынады.

16 16. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда тұрғын үй алаңына мынадай мөлшерлемелерi:

1 1) жалғыз басты адамдар үшiн - 31 шаршы метр, бiрақ бір бөлмелi пәтерден артық емес;

2 2) 2 адамнан тұратын отбасы үшiн - 40 шаршы метр;

3 3) 3 және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшiн - әр отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден.

17 17. Тұрғын үй көмегін есептеуде электр қуатын тұтынуда мына мөлшерлемелер қолданады:

150 Квт - 1-3 адамнан тұратын отбасына;
200 Квт - 4 және одан да көп адамдардан тұратын отбасына.

18 18. Тұрғын үй газбен жабдықталмаған және электр қуатын тамақ дайындауға қолданылатыны жөнінде құжат болғанда газбен жабдықтау жөнінде белгiленген тарифтер мен тұтыну нормативтерi шегiнде газға төленетiн төлем есебiне азаматтар өтiнiшi бойынша электр қуатына белгіленген шамадан жоғары төлейді.

4 4. Отбасының кiрiс жиынтығын есептеу

19

19. Тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын отбасының кiрiстер жиынтығын анықтағанда тоқсанға ақшалай түрде алатын тұрғын үй мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қала бюджетінің қаражатынан мерекелік күндерге материалдық көмек, бала туғанда және жерлеуге біржолғы жәрдемақылардан басқа кiрiстiң барлық түрлерi есепке алынады. <*>

20 20. Шарттық негiзде жоғарғы және орта арнайы оқу орындарында күндiзгi үлгіде оқитын студенттерге тұрғын үй көмегін eceптегенде кiрiс жиынтығына студенттердiң өз еркiмен берілген кiрiстерi есептеледi.

5 5. Тұрғын үй көмегін тағайындау

21 21. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы азаматтардың келiп түскен өтініштерiн қарау үшiн Басқармада тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша үнемi жұмыс iстейтiн комиссия құрылады (бұдан әрi - Комиссия).

22 22. Комиссия құжаттар қабылдаған күннен 10 күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау жөнiнде шешiм немесе тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды (осы Қағидаға 2-қосымша).

23 23. Басқармаға жалған ақпарат беру салдарынан жоғары немесе заңсыз жәрдемақы төленгенде комиссия өтiніш иесiнен/отбасынан артық алынған соманы төлеу немесе өтiнiш иесiн/отбасының тұрғын үй көмегін бiр жыл бойына алу мүмкiншiлiгінен айыру жөнiнде шешiм шығаруға құқығы бар.

Артық алынған сомаларды өтiнiш иесiнiң/отбасының өтеуден бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте кейiн қайтарылады.

24

24. Себептi жағдайларда тұтынылған коммуналдық қызметтер және қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтері (екi айға дейiн) уақытында құжаттарды тапсырмаған жағдайда (науқастануы, қаладан тыс жерге кетуi) сәйкес анықтамалары болғанда комиссия жәрдемақы төлеудi жалғастыру жөнiндегi мәселенi шешуге құқылы.

24-1

24-1. Тұрғын үй көмегін алушының материалдық жағдайын назарға ала отырып, комиссия тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне қалалық коммуникациялар жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаю бөлігінде ақыны ішінара төлегенде төленбеген соманы кейіннен өтеу арқылы тұрғын үй көмегін тағайындауға құқылы. <*>

6 6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

25 25. Тұрғын үй көмегін төлеудi қаржыландыру бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге айырылады.

26 26. Тұрғын үй көмегін төлеу екiншi деңгейдегi банк бөлiмшелерi арқылы алушының жеке есеп-шоттарына есептелген соманы аудару жолымен жүргiзiледi.

27 27. Тұрғын үй көмегін төлеу осы Қағиданың 24-тармағында көрсетiлген жағдайдан басқа алушылардың қажеттi құжаттарды өз уақытында ұсынбағанда тоқтатылады.

28 28. Басқарма әр айдың 28-не тұрғын үй көмегін төлеуге қажеттi сомасы көрсетiлген тiзiлiмдердi Астана қаласының Қаржы басқармасына ұсынады.

29 29. Астана қаласының Қаржы басқармасы әр айдың екiсiнен кешiктiрмей тұрғын үй көмегі алушыларының жеке есеп-шоттарына аудару үшiн тiзiлiмдегi көрсетiлген соманы Басқарманың есеп-шотына жолдайды.

30 Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы Өтініш

30. Тұрғын үй көмегін төлеу жүргiзілетiн банктер бөлiмшелерi  тұрғын үй көмегінің төленген сомасы туралы салыстыру актiлерiн құрады және Басқармасына ай сайын берiледi.
Астана қаласында тұрғын үйді
ұстауға, тұтынылған коммуналдық
қызметтерге және байланыс
қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын
үй көмегін беру ережесіне
1-қосымша
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы Өтініш
Мен ___________________________________________________________
(аты-жөні, туған жылы)
үй меншігінің иесімен (жалдаушы), жеке куәлігінің N ________________,
__________________________берген, СТН ______________________________.
Менің ________ адамнан, мына мекен-жай тұратын отбасыма Астана қаласы _______________________________________ тұрғын үйді ұстауға, тұтынылған коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.
N Р/н
Ары­зда­ну­шы­ның от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің Т.Ә.А.
Ту­ған жы­лы
Туы­стық қа­рым-қа­ты­на­ста­ры
Әле­умет­тік мәр­те­бе­сі
1
2
3
4
5
Өтінішке __________ дана санында құжаттарды қоса ұсынамын. Жеке шоттың N _______________________, банктің атауы ____________________.
Өзгерістер туындаған жағдайда, ол жөнінде 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Мен тұрғын үй көмегі бөлімін өз соңынан заңсыз немесе жоғары өтемақы тағайындауды әкелген жалған мәліметтер берілгенде, бір жыл ішінде көмек алу құқығынан айырылатынымды, ал тұрғын үй көмегі  түрінде заңсыз алынған сомаларды заңда белгіленген тәртіпте қайтару керектігін білемін.
Ұсынылған құжаттардың растығына жауапкершілік жөніндегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 177-бабының 1-тармағымен, 325-бабының 3-тармағымен таныстым.
"___" ___________ 200__ ж. арызданушының қолы
_________________
Құжаттарды _________________________________________ қабылдады.
(құжаттарды қабылданған адамның Т.Ә.А., лауазымы)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
қию сызығы
Азамат ____________________________ тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтінішпен бірге __________ п. құжаттарды қоса ұсынады.
"___" ____________________ 200__ ж.
______________________________________
(құжатты қабылдаған адамның Т.Ә.А.)
Астана қаласында тұрғын
үйді ұстауға, тұтынылған
коммуналдық қызметтерге
және байланыс қызметтеріне
ақы төлеуге тұрғын үй
көмегін беру ережесіне
2-қосымша <*>
Қазақстан Республикасы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 200__ жылғы "___" _________ N __________ ШЕШIМ
Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнiндегi комиссия отырысы
Aты-жөні ___________________________________________
Мекен-жайы _________________________________________
Мәртебесi __________________________________________
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 200__ жылғы _________ айға  тұрғын үй көмегі есепке сәйкес _______ теңге сомасында тағайындалсын.
Тiркеу N __________
Ашылды ____________
Комиссия төрағасы ____________
Комиссия мүшелерi ____________
Бөлiм бастығы  _______________
М.О.

Қолданыстағы