Қолданыстағы ред. 22.07.2003 (Редакция 16475_195400.kaz)

"Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу туралы от 22.07.2003 г. № 218 ("Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу туралы)

0

"Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалін дайындау
және өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтөбе облысында 2003 жылдың 6 тамызы мен 6 қазан аралығында "Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалі өткізілсін.

2

2. Қоса беріліп отырған:

1

1) "Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі облыстық комиссияның құрамы;

2

2) "Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс жоспары;

3

3) "Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалі жоспарына сәйкес өткізілетін байқаулардың қаржылық жоспары бекітілсін.

3

3. Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері, барлық деңгейдегі оқу орындары мен мемлекеттік мекемелер басшылары "Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөнінде өз жоспарларын жасап, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени даму бөліміне тапсыратын болсын.

4

4. «Облыстық мәдениет басқармасы» (Е. Қалиев) және «Облыстық білім басқармасы» (Н. Мұхлисов) мемлекеттік мекемелері көзделген қаражат шегінде қажетті қаржы мөлшерін қарастырсын.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.

9

Облыс әкімиятының
23.07.2003 жылғы № 218 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
"Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Есіркепов Амангелді Қабашұлы
комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары
Қуанышәлі Жасарал Мінәжадинұлы
комиссия төрағасының орынбасары,облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
Жанназарова Нұргүл Алмасқызы
комиссия хатшысы, «Облыс әкімі
аппараты» ММ-нің әлеуметтік сала
және мәдени даму бөлімінің
бас маманы
Алдашев Жұмамұрат Ердәулетұлы
«Облыс әкімі аппараты» ММ-нің
әлеуметтік сала және мәдени
даму бөлімінің меңгерушісі
Тағымов Марат Мырзағалиұлы
«Облыстық ішкі саясат
департаменті» ММ-нің директоры
Жоламанов Балихан Жүсіпұлы
Қазақстан халықтары кіші
Ассамблеясы атқарушы
хатшылығының меңгерушісі
Қалиев Еркеш Әдиетұлы
облыстық мәдениет басқармасының
бастығы
Қауыс Ұзақбай Сағидоллаұлы
облыстық ақпарат және қоғамдық
келісім басқармасы талдау және тіл
саясаты бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
Құрманов Асхат Мырзахметұлы
"Қазақстан" республикалық
телерадиокорпорациясы ЖАҚ-ның
филиалы Ақтөбе облыстық
телерадиокомпаниясы
директорының міндетін атқарушы
(келісім бойынша)
Кенжебаев Кенжеғали Кенлгебайұлы
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе
мемлекеттік университетінің
ректоры (келісім бойынша)
Мұхлисов Нұрлан Көшкенбайұлы
облыстық білім басқармасының
бастығы
Өтеулиев Бауыржан Бабажанұлы
"Ақтөбе" газетінің бас редакторы
Серғалин Әкімгерей Бексұлтанұлы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігінің Ақтөбе облысы
бойынша басқарма бастығы
(келісім бойынша)
Төлеубай Кемейдолла
Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы
облыстық ұйымының төрағасы
(келісім бойынша)
Юсупова Рашида Әбілсағитқызы
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары

10

Облыс әкімиятының
2З.07.2003 жылғы № 218 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
"Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс жоспары

1

1. Облыстың барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес бұқаралык ақпарат құралдарында ""Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалін өткізу барысын жан-жақты насихаттау ұсынылсын. Баспасөз беттерінде, телерадио бағдарламаларында "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Ақтөбе облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының орындалуы жөнінде мақалалар жариялау және хабарлар беру.

2

2. "Мемлекеттік тіл - үлт тірегі" облыстық тіл фестивалі кезінде телерадиокомпаниялардың хабарларында белгілі ақын-жазушылармен, тарихшы-ғалымдармен, журналистермен, басшылармен, мәдениет және
өнер қайраткерлерімен кездесулер, әңгімелер өткізу.
Мерзімі: тамыз, қыркүйек.
Орындаушылар: бұқаралық ақпарат құралдары

3

3. Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтарын ұлттық дәстүрлерді ескере
отырып безендіру жұмысын жүргізу.
Мерзімі: тамыз-қыркүйек.
Орындаушылар: қала әкімдігі, "Қалабезендіру" мемлекеттік мекемесі, облыстық қүрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы.

4

4. Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауын өткізу.
Мерзімі: қыркүйек.
Орындаушы: облыстық мәдениет басқармасы

5

5. "Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" тақырыбында жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық линейлерде, колледждер мен жоғары оқу
орындарында арнайы іс шаралар белгіленіп, ашық сабақтар өткізу мен
шығармалар жазуды ұйымдастыру.
Мерзімі: тамыз-қыркүйек.
Орындаушылар: облыстық білім басқармасы, оқу орындарының басшылары

6

6. "Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" ұранымен мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді меңгеру байқауларын өткізу.
Мерзімі: тамыз.
Орындаушылар: мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, облыстық кадрлар біліктілігі жетілдіру институты

7

7. Мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар қызметкерлері
арасында "Үздік аудармашы" облыстық байқауын өткізу.
Мерзімі: қыркүйек.
Орындаушылар: мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, облыстық кадрлар біліктілігін жетілдіру институты.

8

8. 22 қыркүйек - Қазақстан халықтары тілдерінің күніне арналған тіл
жаңашырларымен, ардагерлерімен, мамандармен кездесу және оларды
марапаттау.
Мерзімі: қыркүйек.
Орындаушылар: облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыс әкімінің аппараты

19

Облыс әкімиятының
23.07.2003 жылғы № 218 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
"Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі" облыстық тіл фестивалінің жоспарына сәйкес өткізілетін байқаулардың қаржылық жоспары

1

1. Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауын өткізу үшін:
I орын (біреу) - 15 мың теңге
II орын (біреу) - 10 мың теңге
III орын (екеу) - 7 мың теңге = 14 мың теңге
Ынталандыру сыйы (бесеу) - 3 мың теңге = 15 мың теңге
Көтермелеу сыйы (үшеу) - 2 мың теңге = 6 мың теңге
Техникалық қажеттіліктер үшін:
Белгілерге, қағаздарга, дипломдарға, гүл шоқтарына - 20 мың теңге
Барлығы - 80 мың теңге.
Орындаушы: облыстық мәдениет басқармасы
(Е. Қалиев)

2

2. "Мемлекеттік тіл - үлт тірегі" ұранымен мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді менгеру байқауын өткізу үшін:
I орын - 50 мың теңге
II орын - 30 мың теңге
III орын - 15 мың теңге
IV орын - 7 мың теңге
Ынталандыру сыйы: 4x5 мың теңгеден = 20 мың теңге
- ұйымдастыру шаралары және кеңесшілер тобы үшін - 50 мың теңге
(тіл мамандары, сазгерлер, көркем безендірушілер, мемлекеттік
қызметкерлер);
- техникалық қажеттіліктер үшін: белгілерге, қағаздарға, марапаттау
қағаздарына, гүл шоқтарына - 38 мың теңге;
Барлығы: 210 мың теңге
Орындаушы: облыстық білім басқармасы
(Н. Мұхлисов).

3

3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар қызметкерлері арасында "Үздік аудармашы" облыстық байқауын өткізу үшін:
I орын (біреу) - 15 мың теңге
II орын (біреу) - 10 мың теңге
III орын (екеу) - 7 мың теңге = 14 мың теңге
Ынталандыру сыйы (үшеу) - 5 мың теңге = 15 мың теңге
Көтермелеу сыйы (бесеу) - 2 мың теңге = 10 мың теңге
Техникалық қажеттіліктер үшін:
Белгілерге, қағаздарға, дипломдарға - 16 мың теңге
Барлығы - 80 мың теңге.
Орындаушы: облыстық мәдениет басқармасы
(Е. Қалиев)

4

4. Облыстық тілдер фестивалі кезінде тіл жанашырларын, ардагерлерді және мамандарды марапаттау үшін:
Тіл ардагерлеріне - 70 мың теңге;
ұстаздарға - 60 мың теңге;
өндіріс орындары мен мекемелерде тіл үйретушілерге - 60 мың
теңге;
дипломдар даярлауға және гүл шоқтарын алуға - 20 мың теңге;
Барлығы: 210 мың теңге.
Орындаушы: облыстық білім басқармасы
(Н. Мұхлисов)
Жалпы фестиваль өткізу жұмыстарына барлығы - 580 мың теңге
қаражат қажет етіледі.