Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении границ охранных зон, зон регулирования застройки и зон охраняемого природного ландшафта памятников истории и культуры Костанайской области

Қаулы · № 71 · қабылданған 17.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-164780/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении границ охранных зон, зон регулирования застройки и зон охраняемого природного ландшафта памятников истории и культуры Костанайской области Күшін жойған 08.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении границ охранных зон, зон регулирования застройки и зон охраняемого природного ландшафта памятников истории и культуры Костанайской области

Күшін жойған Қаулы № 71 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении границ охранных зон, зон регулирования застройки и зон охраняемого природного ландшафта памятников истории и культуры Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
17.02.2022
Көрсетілген редакция
08.06.2026 164780_824994.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22N0026916
ЭКБ идентификаторы
164780
Редакция идентификаторы
164780_824994
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:27
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 127-бабына, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, «Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20395 болып тіркелді) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысының Рудный қаласында орналасқан «Алексеев археологиялық кешені, қола дәуірі» Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Алексеев археологиялық кешені, қола дәуірі» Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекаралары

Қостанай облысы әкімдігінің
2022 жылғы 17 ақпандағы
№ 71 қаулысына
қосымша
«Алексеев археологиялық кешені, қола дәуірі» Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекаралары
Қорғау аймағының бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары
нүкте №
солтүстік ендік
шығыс бойлығы
1
52°57'27.00"
63°10'00.00"
2
52°57'20.35"
63°09'59.99"
3
52°57'20.76"
63°09'19.36"
4
52°57'25.03"
63°09'19.55"
5
52°57'24.77"
63°09'15.66"
6
52°57'23.74"
63°09'15.17"
7
52°57'23.08"
63°09'08.66"
8
52°57'23.92"
63°09'07.18"
9
52°57'25.69"
63°09'09.54"
10
52°57'25.99"
63°09'13.07"
11
52°57'27.10"
63°09'13.80"
12
52°57'28.92"
63°09'29.03"
13
52°57'27.23"
63°09'30.52"
Ескерткіштің қорғау аймағы Қостанай облысы Рудный қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, бұрынғы «Горняк» стадионының ауданында, Тобыл өзенінің сол жақ тармағының жоғары жағалауында, су деңгейінен 6–8 метр биіктікте орналасқан, «Алексеев археологиялық кешені, қола дәуірі» Қостанай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің функционалдық ажырамас бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары бойынша өтеді.
Ескерткіш қола дәуірінің қорымынан, қонысынан және құрбандық орнынан тұрады. Жағалау бойындағы қорымның ұзындығы шамамен 1 километрді құрайды. Барлығы 21 жерлеу зерттелді. Ежелгі қоныс өзен ағысының төменгі жағында Тобыл өзенінің жоғарғы жағалауында орналасқан. Солтүстік жағында шағын жотамен бөлінген. Құрбандық шалу орындалған биік емес төбе барлық кешенде орталық орын алады. Қорым оған батыс жағынан жалғасады, ал қоныс соңғы құрбандық шалу қалдықтарынан оңтүстік-шығысқа қарай 45–50 метрден басталады.
Қорғау аймақтары бар кешен аумағының жалпы ауданы – 351504,25 шаршы метрді құрады.
Ескерткіштің қорғау аймағының шекарасы ескерткіш аумағының шекарасынан 40 метрге шегінеді, (ескерткіш ауданын қоса алғанда) – 178711,23 шаршы метрді құрайды.
Құрылыс салуды реттеу аймағы қорғау аймағы шекарасының шетінен 40 метр шегіне отырып, ескерткіштің қорғау аймағына іргелес жатқан аумақты алып жатыр және 86826,82 шаршы метрді құрайды.
Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы құрылыс салуды реттеу шекарасының сызығынан 40 метр шегіне отырып, ескерткіштің құрылыс салуды реттеу аймағының шекараларына іргелес аумақты алып жатыр және 85966,2 шаршы метрді құрайды.