Об утверждении Правил предоставления субъектами финансового мониторинга сведений и информации об операциях, о подозрительной деятельности клиента, подлежащих финансовому мониторингу, и признаков определения подозрительной операции, деятельности клиента Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметті туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін бекіту туралы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына және 10-1-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметті туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 938 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу № 21340) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына 1-қосымша Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-тармағына және 10-1-бабына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің (бұдан әрі – субъект) уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты (бұдан әрі – хабар) беру тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2-тарау. Субъектілердің хабарлар беру тәртібі
2-тарау. Субъектілердің хабарлар беру тәртібі
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган мен субъектілер арасындағы өзара іс-қимыл осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және жеке кабинет немесе «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамының телекоммуникациялар желілері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Құжаттамалы тіркелген хабарламалар жеке кабинетте орналастырылған ҚМ-1 нысаны бойынша XML форматында электрондық тәсілмен ұсынылады және субъектінің (ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамның) электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.
Тармақ 4
4. ҚМ-1 нысаны 4 (төрт) бөлімнен тұрады:
Тармақша 1
1) ҚМ-1 нысаны туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) ҚМ-1 нысанын толтырған субъекті туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) қаржы мониторингіне жататын операция немесе күдікті қызмет туралы ақпарат;
Тармақша 4
4) операцияға қатысушылар туралы мәліметтер.
Тармақ 5
5. ҚМ-1 нысанын толтыру кезінде мынадай анықтамалық мәліметтер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) субъектілер түрлерінің кодтарының анықтамалығы;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттар кодтарының анықтамалығы;
Тармақша 3
3) қаржы мониторингіне жататын операциялар түрлерінің кодтарының анықтамалығы;
Тармақша 4
4) ақша және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар мен қатысушылардың санаттары кодтарының анықтамалығы. Клиенттердің операцияларын зерделеу үшін субъект пайдалана алатын күдікті операцияның, клиенттің қызметін белгілеріне сипаттамалар жеке кабинетте орналастырады.
Тармақ 6
6. Субъектіден хабар алған жағдайда уәкілетті органмен 4 (төрт) сағат ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес электрондық тәсiлмен хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жіберіледі. Хабарды қабылдамау туралы хабарлама алған жағдайда, субъект 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) бас тарту себептерін жою бойынша шаралар қабылдайды және түзетілген хабарды уәкілетті органға жолдайды. Бұрын қабылданған хабарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған кезде, субъект ауыстырылуға жататын мәліметтер мен ақпарат анықталған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға бұрын бергеннің орнына хабар береді.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган хабарды алғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде операцияны жүргізуге рұқсат беру не бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша субъектіге электрондық тәсілмен жеткізеді.
Тармақ 8
8. Заңның 10-бабының 2-тармағында, 10-1-бабында және 13-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзімдер уәкілетті органмен расталған бағдарламалық қамтылыммен немесе байланыс арналарының техникалық қателіктері салдарынан бұзылған жағдайда егер осындай хабар техникалық қателіктер жойылғаннан кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей берілген болса, осы хабар белгіленген мерзімде берілген деп саналады.
Тарау 3. 3-тарау. Сұрау салу бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру тәртібі
3-тарау. Сұрау салу бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру тәртібі
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде субъектіге осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша электрондық тәсiлмен қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салу жібереді.
Тармақ 10
10. Субъект сұратылатын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға Заңның 10-бабының 3-1-тармағында көзделген мерзімдерде осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшада белгіленген нысандар бойынша электрондық тәсiлмен жолдайды. Сұрау салуды өңдеу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда, субъект мерзімді 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтінішті уәкілетті органға келісуге жолдайды. Күдікті операцияны және (немесе) қызметті талдаумен байланысты сұрау салуды өңдеу үшін ақша аударымдары жүйесінің операторынан мәліметтер мен ақпарат алу талап етілген жағдайларда, Заңның 10-бабының 3-2-тармағына сәйкес субъект уәкілетті органға сұрау салу мерзімін 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтініш жолдайды. Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға арналған сұрау салу мерзімін ұзарту туралы өтініш нысаны осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген.
Тармақ 11
11. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде ұсынылатын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды қоспағанда, Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған операциялар бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқығы жоқ.
Басқа 1.1. Хабарды қабылдау немесе қабылдамау туралы хабарлама
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 1-қосымша Хабарды қабылдау немесе қабылдамау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – ҚМА) _______________________________________________ (қаржы мониторингі субъектісінің атауы) «__»__________ №_______ ҚМ-1 нысаны бойынша хабарды ___________________________ туралы хабарлайды. (қабылданғаны/қабылданбағаны) Қабылдамау себебі (ҚМ-1 нысаны қабылданбаған жағдайда ғана көрсетіледі) ____________________________________________________________________. Осыған байланысты ________________________________________қажет: (қаржы мониторингі субъектісінің атауы) 1. ҚМА-ға бұрмаланған немесе толық емес көлемде берген хабарды жолдау себептерін жою; 2. Осы хабарлама алған күннен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ҚМА клиенттің қаржы мониторингіне жататын операциясы немесе күдікті қызметі туралы қабылданбаған хабарды түзету, оны Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына сәйкес қайтадан беру керек. ________________________ ______________________ (ҚМА уәкілетті тұлғаның (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда)) Хабарды қабылдау немесе қабылдамау күні мен уақыты: _______________________________
Басқа 1.2. Күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігінің жоқтығы туралы №_________ хабарлама
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 2-қосымша _______________________ _______________________ _______________________ Қаржы мониторингі субъектісінің атауы Күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігінің жоқтығы туралы №_________ хабарлама Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – ҚМА) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес 20__ жылғы «__»________№ ___ хабар бойынша күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігінің жоқтығы туралы шешім қабылдады. Негіздеме: ҚМА 20__ жылғы «___» __________ № _______ бұйрығы. _____________________ _______________ (ҚМА уәкілетті тұлғаның (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда) «__»__________20__ж.
Басқа 1.3. Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы №__________ хабарлама
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 3-қосымша _____________________ _____________________ _____________________ Қаржы мониторингі субъектісінің атауы Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы №__________ хабарлама Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – ҚМА) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес 20__ жылғы «__»__________ №_______ күдікті операцияны 20__ж. «__»__________сағат __:__ бастап 20__ж. «__»__________сағат __:__ дейін тоқтата тұрудың қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Негіздеме: ҚМА «__»__________20__ жылғы №_____ бұйрығы. ________________________ _________________ (ҚМА құрылымдық бөлімшесі (қолы) басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда) «__»__________20__ ж.
Басқа 1.4. Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға арналған сұрау салу
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 4-қосымша Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға арналған сұрау салу «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі клиенттердің операциялары және клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы/ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген халықаралық ақша аударымдары/цифрлық активтер бойынша мынадай ақпаратты, мәліметтер* мен құжаттарды беруі сұрайды:
Тармақ 1
1. ________________;
Тармақ 2
2. ________________. _____________________ ____________ ҚМА уәкілетті тұлғаның (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда) Байланыс телефоны: ___________________________________. Сұрау салуды жолдау күні мен уақыты: ___________________________. *клиенттің банк шоты бойынша үзінді/цифрлық активтер бойынша мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес беріледі.
Басқа 1.5. Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге арналған сұрау салу бойынша мерзімін ұзарту туралы өтініш
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 5-қосымша Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге арналған сұрау салу бойынша мерзімін ұзарту туралы өтініш _________________________________________________________________ (қаржы мониторингі субъектісінің атауы) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруі арналған ___________ № _______ сұрау салуды _________ жұмыс күніне дейін ұзарту туралы өтінішпен жүгінеді. ____________________________________________________________________ (мерзімді ұзарту негіздемесі) _____________________ _______________ (ҚМС жауапты адамның ТАӘ (бар болса) (қолы)
Басқа 1.6. Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге арналған сұрау салуға жауап
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 6-қосымша Қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге арналған сұрау салуға жауап «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарына сәйкес ____________________________________________________________________ (қаржы мониторингі субъектісінің атауы) 20__ жылғы «__»__________ №_____ сұрау салуға мынадай ақпаратты, мәліметтер* мен құжаттарды жолдайды: 1. ____________________________________________; 2. ____________________________________________. Қосымша ____ парақта. _____________________ _______________ ҚМС жауапты тұлғаның (қолы) Т.А.Ә. (болған жағдайда) Байланыс телефоны: _______________________________. Жауапты жолдау күні мен уақыты: _____________________. *клиенттің банк шоты бойынша үзінді/цифрлық активтер бойынша мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес беріледі.
Басқа 1.7. ҚМА сұрау салуы шеңберінде субъектілер ұсынатын мәліметтер
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына 7-қосымша ҚМА сұрау салуы шеңберінде субъектілер ұсынатын мәліметтер Опе­ра­ци­я­ның кү­ні мен уа­қы­ты Опе­ра­ция ва­лю­та­сы Опе­ра­ция түр­ле­рі (құ­жат са­на­ты) ААЖ ата­уы (болған жағ­дай­да) Оны өт­кі­зу­де­гі ва­лю­та­да­ғы со­ма­сы Тең­ге­де­гі со­ма­сы Ата­уы/Тө­ле­у­ші­нің Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да) Тө­ле­у­ші­нің ЖСН/БСН Тө­ле­у­ші­нің ре­зи­дент­ті­гі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Кестенің жалғасы Тө­ле­у­ші­нің бан­кі Тө­ле­у­ші­нің шот нө­мі­рі Ата­уы/Тө­ле­у­ші­нің Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да) Алушы­ның ЖСН/БСН Алушы­ның ре­зи­дент­ті­гі Алушы­ның бан­кі Алушы­ның шот нө­мі­рі Тө­лем­ді та­ғай­ын­дау ко­ды Төлем­нің мақ­са­ты 10 11 12 13 14 15 16 17 18 Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖСН/БСН – жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ААЖ – ақша аударымдары жүйесі Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты. ҚМА цифрлық активтер бойынша (жеке тұлғалар бойынша) сұрау салу шеңберінде субъектілер беретін мәліметтер
Тармақ 1
1. Клиент туралы мәліметтер:
Тармақ 1.1
1.1. Тіркеу кезіндегі фото;
Тармақ 1.2
1.2. Тіркеу кезінде ұсынылған құжаттың деректері және (немесе) құжаттың фотосуреті;
Тармақ 1.3
1.3. Жеке сәйкестендіру нөмірі (немесе резиденттік еліндегі сәйкестендіру нөмірі);
Тармақ 1.4
1.4. Тіркеу күні, уақыты;
Тармақ 1.5
1.5. Ұялы телефон нөмірі;
Тармақ 1.6
1.6. Электрондық пошта мекенжайы;
Тармақ 1.7
1.7. Тұрғылықты мекенжайы;
Тармақ 1.8
1.8. Резиденттік;
Тармақ 1.9
1.9. Банк деректемелері;
Тармақ 1.10
1.10. Шарттар мен ережелерге қол қойылған күні;
Тармақ 1.11
1.11. Пайдаланылатын IP-мекенжайлары;
Тармақ 1.12
1.12. Аккаунтқа кіру жүзеге асырылатын құрылғы;
Тармақ 1.13
1.13. Аккаунт нөмірі;
Тармақ 1.14
1.14. Клиентке берілген тәуекел деңгейі.
Тармақ 2
2. Транзакциялар туралы мәліметтер:
Тармақ 2.1
2.1. Платформаның қолжетімді өнімдері және (немесе) қызметтері бойынша ағымдағы шоттардың баланстары туралы ақпарат (Spot, Futures, Earn, Fiat, Margin, Pool, NFT, DeFi Staking, Swap-фарминг және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жаңа өнімдер және (немесе) қызметтер);
Тармақ 2.2
2.2. Ағымдағы активтер мен әмияндар, тапсырыс тарихы, депозит тарихы, фиат қаражаты депозитінің тарихы, қаражаттарды шығару тарихы, фиат қаражатын шығару тарихы, Р2Р, қолжетімділік журналдары (аccess logs), OTC, қаржыландыруға арналған әмиян, transfer records, transaction log;
Тармақ 2.3
2.3. Байланыстырылған банк карталары туралы мәліметтер;
Тармақ 2.4
2.4. Белгіленген аккаунттар бойынша барлық мәмілелерді жүргізудің нақты күндері мен уақыты (бүкіл жүзеге асыру кезеңінде), қолма-қол ақшасыз нысанда ақша қаражатын енгізу және шығару құралдары (шоттардың, төлем карталарының нөмірлері және өзге де деректемелер), IP-мекенжайлары, геолокациялар, платформада белгіленген аккаунттарды пайдалану туралы өзге де мәліметтер;
Тармақ 2.5. ҚМА цифрлық активтер бойынша (заңды тұлғалар бойынша) сұрау салуы шеңберінде субъектілер беретін мәліметтер
2.5. Майнинг бойынша мәліметтер (өндірілген/алынған активтердің саны және атауы, операцияның күні мен уақыты, майнингтік пулдың атауы, цифрлық активтер әмияндарының нөмірлері). ҚМА цифрлық активтер бойынша (заңды тұлғалар бойынша) сұрау салуы шеңберінде субъектілер беретін мәліметтер
Тармақ 1
1. Клиент туралы мәліметтер:
Тармақ 1.1
1.1. Компанияның толық атауы;
Тармақ 1.2
1.2. Заңды мекенжайы;
Тармақ 1.3
1.3. Нақты мекенжайы;
Тармақ 1.4
1.4. Тіркелген елі;
Тармақ 1.5
1.5. Ұйымдық-құқықтық нысаны;
Тармақ 1.6
1.6. Тіркелген күні мен орны;
Тармақ 1.7
1.7. Тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақ 1.8
1.8. Бенефициарлық меншік иелерінің, құрылтайшылардың немесе акционерлердің тізімі;
Тармақ 1.9
1.9. Клиенттің сәйкестендіру деректері (немесе резиденттік еліндегі бизнес сәйкестендіру нөмірі);
Тармақ 1.10
1.10. Банк деректемелері;
Тармақ 1.11
1.11. Қаржылық есептілік, бар болса;
Тармақ 1.12
1.12. Клиент ретінде тіркелу уақыты мен күні;
Тармақ 1.13
1.13. Клиентке берілген тәуекел деңгейі.
Тармақ 2
2. Басшылар мен уәкілетті тұлғалар туралы мәліметтер:
Тармақ 2.1
2.1. Тегі, аты, жөні;
Тармақ 2.2
2.2. Лауазымы;
Тармақ 2.3
2.3. Тіркеу кезінде ұсынылған құжаттың деректері және (немесе) құжаттың фотосуреті;
Тармақ 2.4
2.4. Ұялы телефон нөмірі;
Тармақ 2.5
2.5. Электрондық пошта мекенжайы;
Тармақ 2.6
2.6. Тұрғылықты мекенжайы;
Тармақ 2.7
2.7. Резиденттік.
Тармақ 3
3. Қызметі бойынша мәліметтер:
Тармақ 3.1
3.1. Шарттар мен ережелерге қол қойылған күні;
Тармақ 3.2
3.2. Пайдаланылатын IP-мекенжайлары;
Тармақ 3.3
3.3. Аккаунтқа кіру жүзеге асырылатын құрылғы.
Тармақ 4
4. Транзакциялар туралы мәліметтер:
Тармақ 4.1
4.1. Платформаның қолжетімді өнімдері және (немесе) қызметтері бойынша ағымдағы шоттардың баланстары туралы ақпарат (Spot, Futures, Earn, Fiat, Margin, Pool, NFT, DeFi Staking, Swap-фарминг және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жаңа өнімдер және (немесе) қызметтер);
Тармақ 4.2
4.2. Ағымдағы активтер мен әмияндар, тапсырыс тарихы, депозит тарихы, фиат қаражатының депозитінің тарихы, қаражаттарды шығару тарихы, фиат қаражатын шығару тарихы, Р2Р, қолжетімділік журналдары (аccess logs), OTC, қаржыландыруға арналған әмиян, transfer records, transaction log;
Тармақ 4.3
4.3. Байланыстырылған банк карталары туралы мәліметтер;
Тармақ 4.4
4.4. Белгіленген аккаунттар бойынша барлық мәмілелерді жүргізудің нақты күндері мен уақыты (бүкіл жүзеге асыру кезеңінде), қолма-қол ақшасыз нысанда ақша қаражатын енгізу және шығару құралдары (шоттардың, төлем карталарының нөмірлері және өзге де деректемелер), IP-мекенжайлары, геолокациялар, платформада белгіленген аккаунттарды пайдалану туралы өзге де мәліметтер;
Тармақ 4.5
4.5. Майнинг бойынша мәліметтер (өндірілген/алынған активтердің саны мен атауы, операцияның күні мен уақыты, майнинг пулының атауы, әмияндар, логиндер және басқа да мәліметтер).
Басқа 2. Күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілері
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына 2-қосымша Күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілері Кодтың № Белгілері 11 Жеке тұлғалардың табыстарына немесе әлеуметтік жағдайына сәйкес келмейтін төлемдері және (немесе) ақша аударымдары 12 Активтердің жалған тұлғалардың атына ресімделуі 13 Заңды тұлғаларды және (немесе) жеке кәсіпкерлерді жалған немесе қулықпен мәмілелер жасау арқылы пайдалану 14 Заңды тұлғада және (немесе) жеке кәсіпкерде кірістер шамалас, шаруашылық қызметі болмаған кезде үлкен айналымдардың болуы 15 Бенефициарлық меншік иелерін анықтау қиын заңды тұлғаларды пайдалану (оффшорлар, трасттар, көпсатылы пирамидалық құрылым) 16 Заңсыз қызметпен байланысты цифрлық активтермен, цифрлық активтер әмияндарымен жасалатын операциялар 17 Қолма-қол ақшамен операциялар жасау (шотқа салу, қолма-қол ақшаға айналдыру, банкоматтан, әсіресе шетелде жиі және ірі ақша шешу), сондай-ақ оларды курьерлердің көмегімен трансшекаралық өткізу 18 Экономикалық пайдасы жоқ сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша төлемдер және ақша аударымдары 19 Трансшекаралық, әсіресе тәуекелі жоғары юрисдикциялар (ел немесе аймақ) арқылы операциялар, сондай-ақ бейресми жүйелер арқылы аударымдар 20 Бағалы қағаздармен, биржалық мәмілелермен күдікті операциялар және өзге қаржы құралдарын пайдалану 21 Ойын мекемелеріндегі мөлшерлемелерді қоса алғанда, ақшаның заңсыз шығу тегін жасыру және оларды шығару, қарыздың, лизингтің және сақтандырудың жалған мәмілелерін жасау, зейнетақы аударымдары 22 Ұлттық тәуекелдерді бағалауға сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекеліне түсетін валюталық операциялар, оның ішінде елден ақшаны шығаруға, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталған операциялар, сондай-ақ айқын экономикалық мәні жоқ немесе оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге де мүлік қылмыстық қызметтен алынған табыс болып табылатыны туралы күдік туындайтын немесе операцияның өзі қылмыстық қызметке бағытталған 23 Қаржы құралдарын пайдалану арқылы коммерциялық емес және қайырымдылық ұйымдарының қаражатты жинауы, ауыстыруы және пайдалануы 24 Қаржы құралдарын пайдаланумен ақша салу, оның ішінде қаржы мониторингі шеңберінде белгіленген шекті мәннен төмен жүйелі операциялар, салымдарды (депозиттерді) әдеттен тыс толықтыру және шешу 25 Қолма-қол есеп айырысу немесе бірыңғай төлем арқылы мүлік, оның ішінде қымбат активтер мен сән-салтанат заттарын сатып алу 26 Жеткілікті кірісі жоқ немесе шамалы айналымы бар заңды бизнесті инвестициялау 27 Өзге де ерекше, оның ішінде түсініксіз шығу тегі бар мүлікпен жасалатын операциялар, клиенттің, оның ішінде кәсіби жылыстатушылардың қатысуымен қаржылық мониторинг шеңберінде күдік туғызатын қызметі, ақшаны немесе өзге мүлікті тартудан табыс алу (мүлiктiк пайда табу) жөнiндегi компаниялардың қызметі және басқалар