Об утверждении типовой формы минимального социального стандарта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении типовой формы минимального социального стандарта
- Атауы (қаз.)
- Ең төмен әлеуметтік стандарттың үлгілік нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 01.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2022 164950_581937.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027012
- ЭКБ идентификаторы
- 164950
- Редакция идентификаторы
- 164950_581937
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:18
0 Ең төмен әлеуметтік стандарттың үлгілік
нысанын бекіту туралы
«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған ең төмен әлеуметтік стандарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
2 2. Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сактау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлі
0 Ең төмен әлеуметтік стандарттың үлгілік нысаны Ең төмен әлеуметтік стандарт
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 1 наурыздағы
№ 17 бұйрығымен
бекітілген
Ең төмен әлеуметтік стандарттың үлгілік нысаны
Ең төмен әлеуметтік стандарт
«__________________________________________»
(ең төмен әлеуметтік стандарттың толық атауы)
1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:
__________________________________________________________
2 2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:
________________________________________________________
3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:
№ р/с
Норманың/ нормативтің атауы
Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт
Норманың/ нормативтің мөлшері
1
2
3
4