Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление контрля и качества городской среды города Шымкент» Қолданыста
Басқа 0
«Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 1-тармағына, 39-бабына «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5
Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 22 ақпандағы
№ 318 қаулысына қосымша
«Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1.«Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды, тұрғын үй қорындағы тіркелген кондоминиум объектілеріне бақылауды, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарына шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы 6, индексі 160012.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарма құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Басқарма кәсіпкерлік субьектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарын бақылауды және тұрғын үй қорындағы тіркелген кондоминиум объектілеріне бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс беруші болу;
Басқарманың құзіретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелері бойынша жедел шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласы Әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасқа түсу;
өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан Баскарманың құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін кажетті ақпаратқа, құжаттар мен материалдарга сұрау салу және алу;
Басқарманың кызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы субъектілерінен салынып (қайта жаңғыртылып, кенейтіліп, жаңғыртылып, күрделi жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратқа сұрау салу және алу;
танысу үшін тапсырыс берушілерден аталған құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушы құжаттамаларын, сондай-ақ, тиісті жобалардың сараптамалық қорытындысын алуға сұрау салу және алу;
салынып (қайта жаңартылып, кеңейтіліп жаңғыртылып, күрделi жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз кіреді және онда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына жедел инспекция жүргізу;
бақылау және қадағалауды жүзеге асырған кезде объектілерге барады;
мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі аныкталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) беліленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген талаптарын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқұларға байланысты бұзушыларға көзделген шараларды колдану туралы шешім қабылдайды;
нұсқаманың талаптарын орындамаған жағдайда азаматтық және әкімшілік ic жүргізу тәртібінде нұсқаманың талабын мәжбүрлеп орындау туралы, нұсқаманың талабын орындағанға дейін қызметін тоқтату және тыйым салу туралы;
сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында жүргізілген тексерістердің нәтижесі бойынша әкімшілік жазалауды колдану туралы қаулыны шығару;
Қазақстан Республикасы тұрғын үй заңнамасының бұзылғаны үшін әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығару;
тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтары бойынша заңнамалардың бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартау туралы шаралар қолдану;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша сот органдарына талап-арызбен жүгінуге.
Тармақша 2
2) міндеттері:
өз құзыреті шегінде Шымкент қаласы аумағында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
Шымкент қаласының аумағында лицензиялау мен аттестациялауды және аккредиттеу жүзеге асыру;
тұрғын үй қорындағы тіркелген кондоминиум объектілеріне бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтары бойынша заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету;
жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделері үшін жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету;
Тармақша 2
2) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерді сәулет – қала құрылысы тәртібін бұзушылыраға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
Тармақша 3
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерге жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шаралар қолдану туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 5
5) сәулет, қала құрылысы және қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілген қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
Тармақша 6
6) салынып жатқан объектілердің мониторингісі және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің сапасын бақылау;
Тармақша 7
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекетік нормативтік талаптар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдауға(нұсқама беру);
Тармақша 8
8) сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді (электронды тестілеуді) көрсететін сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу;
Тармақша 9
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сарапшыларды аттестаттау;
Тармақша 10
10) лицензия және лицензияға қосымша берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау;
Тармақша 11
11) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде тексерудің нәтижесі бойынша лицензиялау нормаларын бұзушыларға тісті шаралар қолдану;
Тармақша 12
12) құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталуы туралы хабарламада көрсетілген деректердің анықтығын белгілеу бойынша тексеруді жүргізу;
Тармақша 13
13) берілген хабарламаларды қабылдау туралы берілген талондарға, қол қойылған келіспеушілік актілерге, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы келіп түскен хабарламаларға талдау және есеп жүргізу;
Тармақша 14
14) сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабының бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады;
Тармақша 16
16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жүргізілген тексерістердің нәтижесі бойынша әкімшілік жазалауды колдану туралы қаулыны шығару;
Тармақша 17
17) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісіні басқару жөніндегі есептің бар- жоғын тексеруді жүргізу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) тұрғын үй қорын қорындағы тіркелген кондоминиум обектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару бойынша есептің бар-жоғына тексеру жүргізу;
Тармақша 22
22) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде және көтеруші құрылғыларда (лифтерде, эскалаторларда, фуниклерлерде) қазандық қондырғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) 0,07 Мегапаскальдан жоғары немесе судың 115 градус Цельсийден жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтеретін механизмдердің, эскалаторлардың, траволаторлардың, аспалы жолдардың, фуниклерлердің, лифтердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
Тармақша 24
24) Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын сауық, сауда және конақ үй кешендері) орнатылған қауіпті техникалық құрылғыларды (жүк көтеретін механизмдерді, лифтерді, эскалаторларды, траволаторларды, аспалы жолдарды, фуниклерлерді), пайдаланушы ұйымдардың кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 320-бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды;
Тармақша 26
26) тұрғын үй инспекция саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;
Тармақша 27
27) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарына мемлекеттік бақылау жүргізу;
Тармақша 27-1
27-1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 298-бабында (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 27-2
27-2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 305-бабында (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды;
Тармақша 29
29) қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу.
Тармақша 30
30) «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» талаптарымен (өз құзыреті шегінде) қарастырылған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында және тұрғын үй саласындағы заңнамаларының сақталуы бойынша тексерудің барлық түрлерін жүзеге асыру;
Тармақша 31
31) Басқарманың цифрландыру бойынша тиісті шараларды қабылдау;
Тармақша 32
32) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 33
33) Басқарманың мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау;
Тармақша 34
34) құқықтық мәселелерді қарау кезінде Басқарманың мүддесін сотта және өзге де органдарда таныстыру;
Тармақша 35
35) жүргізілген тексерістердің нәтижесі бойынша әкімшілік жазалауды колдану туралы қаулыны шығару.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды Басқарма басшысы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың басшысы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес қала әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары (орынбасарлары) болады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді және басқарманың мемлекеттік мүдделерін барлық ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіп шегінде және жағдайларда басқарманың мүлігіне иелік етеді;
Тармақша 3
3) Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;
Тармақша 4
4) келісімшарттар жасасады, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен, сенімхаттар береді, басқарманың іссапарлар мен тағылымдамалар, қызметкерлерінің оқу орталықтарында білім алу және өзге де біліктілігін арттыру түрлері бойынша жұмыс тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) банк шоттарын ашады, басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, мемлекеттік қызмет туралы, еңбек қатынастары заңнамаларына сәйкес, басқарма қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік шара қолданады, өз орынбасарларының және басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;
Тармақша 10
10) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
Тармақша 11
11) заңнамамен, осы ережемен және қала әкімдігімен басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) сенімхаттар береді;
Тармақша 13
13) Басқарманың жұмыс жоспарын бекітеді;
Тармақша 14
14) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 15
15) Басқарманың Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 15-1
15-1) Басқарма қарамағындағы мекеменің басшысын тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 16
16) Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығына құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шымкент қалалық газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».