О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 110
- Қабылданған күні
- 04.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2022 165005_580424.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000110
- ЭКБ идентификаторы
- 165005
- Редакция идентификаторы
- 165005_580424
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:15
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1
2 2. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне 4-қосымшадағы ескертпенің 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында оқитын (тұрмай) білім алушылардың тамақтануына арналған шығыстардың ақшалай нормасы күніне бір білім алушыға арналған тамақтану құнының 75 пайызы мөлшерінде белгіленеді.».
3 3. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында:
4-қосымшаға ескертпенің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мектептер мен мектеп-интернаттардағы (ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарынан басқа) оқушы (тәрбиеленуші) саны 15-тен кем сыныптарда сынып жетекшілігі, дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық айлықақыларына (мөлшерлемелеріне) қосымша ақы төлеу көрсетілген қосымша ақылардың белгіленген мөлшерінен 50 пайыз мөлшерінде жүргізіледі. Бұл тәртіп сыныптарды кіші топтарға бөлгенде де қолданылады.».
___________________________